Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • ТҮРІК ТАРИХШЫСЫ ӘБДІУАҚАП ҚАРА ИНСТИТУТТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ТҮРІК ТАРИХШЫСЫ ӘБДІУАҚАП ҚАРА ИНСТИТУТТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    2024 жылдың 23 ақпан күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен белгілі тарихшы, Түркиядағы қандас бауырымыз, Мимар Синан университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қарамен кездесу өтті. Кездесуге Институтымыздың бас директоры т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары т.ғ.к., Ш.Б. Тілеубаев, сондай-ақ, институттың жетекші ғылыми қызметкерлері мен жас ғалымдары […]

  • ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ АҚТАЛУЫ КЕРЕК

    ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ АҚТАЛУЫ КЕРЕК

    29 қаңтарда Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – комиссия) мүшелерімен кездесу өтті. Шараны комиссия мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Дәметкен Сүлейменова мен институттың аға сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев жүргізді. Отырыста сөз алған тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев комиссия жұмысының нәтижесін […]

  • УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ НЕГІЗІНДЕ «ПОЛЬША – ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ.

    УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ НЕГІЗІНДЕ «ПОЛЬША – ҚАЗАҚСТАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ.

    2024 жылдың 19 қаңтарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасында екі ел арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Польша – Қазақстан» халықаралық ғылыми кеңесі құрылды. Осы мақсатқа жету үшін Ғылыми кеңес жүйелі түрлендіру мәселелерімен айналысатын сарапшылар тобын құрды, олар Қазақстан мен Польшаның ұлттық ғылыми орталықтарымен, сондай-ақ шетелдік орталықтармен ғылыми талқылаулар/конференциялар, сараптамалық семинарлар және басқа […]

  • ТАРИХШЫЛАР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СӨЗ ЕТТІ

    ТАРИХШЫЛАР МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СӨЗ ЕТТІ

    2024 жылдың 11 қаңтарында Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы Исамен кездесті. Жиын барысында халық қалаулысы бірнеше келелі тақырыптарды сөз етіп мекеме қызметкерлеріне елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару, жолдардың сапасын жақсарту сынды тақырыптарға тоқталды. Сонымен бірге Қазыбек Иса пайдалы қазбалар мәселесін көтерді, […]

  • ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК

    ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК

    2023 жылдың желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры, тарих ғылымы докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның аясында жүргізген зерттеулері үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы комиссия Тарих және этнология институтының қатысуымен 33 томдық «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі […]

  • ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақстандағы халық санағын зерттеудің жаңа әдістері»тақырыбында методологиялық семинар өткізді. Методологиялық семинардың мақсаты– санақ материалдарының халық санын анықтаудағы негізгі деректігін көрсету болды. Методологиялық семинарымызға қызығушылық танытқан ғалымдар, мамандар, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысып пікір білдіруге шақырылып, семинар офлайн және онлайн форматта жүргізілді. Институт бас ғылыми […]

  • З.Е. ҚАБЫЛДИНОВҚА ПОЛЬША МҰРАЖАЙЫ ТАРАПЫНАН «ДРУГ МУЗЕЯ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША СТАТУЭТКА ТАБЫС ЕТІЛДІ

    З.Е. ҚАБЫЛДИНОВҚА ПОЛЬША МҰРАЖАЙЫ ТАРАПЫНАН «ДРУГ МУЗЕЯ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША СТАТУЭТКА ТАБЫС ЕТІЛДІ

    2023 жылдың 28 қарашасында Белосток қаласында (Польша) орналасқан Сібір естелік мұражайында «Друг музея» номинациясы бойынша марапаттау салтанаты өтті. Соңғы бес жыл бойы өткізіліп келе жатқан шарада музей ісі мен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан көрнекті тұлғаларға алғыс белгісі ретінде статуэтка табысталды. Осы номинация лауреаттарының бірі ретінде Қазақстанға күштеп жер аударылған поляктар тарихы туралы ғылыми білімді […]

  • ТАРИХ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ХІ НҮСІПБЕКОВ ОҚУЛАРЫ

    ТАРИХ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ХІ НҮСІПБЕКОВ ОҚУЛАРЫ

    2023 жылдың 7 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ХІ Нүсіпбеков оқулары аясында «Кеңестік кезеңдегі Қазақстан: тарихы, жеке тұлғалары, өзекті мәселелері (1917-1991 жж.)» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференция жұмысына көптеген мамандар мен сарапшылар қатысты. Олардың ішінде көрнекті ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, академик А. Нүсіпбековтың туыстары мен жерлестері де […]

  • Қ.М. Мурзаходжаевтың докторлық диссертациясының қорғау алды талқылауы сәтті өтті

    2023 ж. 23-қарашада Әдебиет және өнер институтының мәжіліс залында Философия докторы PhD дәрежесін алуға арналған Қуаныш Мәдиұлы Мурзаходжаевтың 6D020300 – «Тарих» мамандығы бойынша, «Қазақстандағы жәдидтердің мәдени-ағартушылық қызметі (ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғ. басы)» атты докторлық диссертацияны қорғау алды талқылау үшін кеңейтілген отырыс өткен болатын. Бұл жиынға Ш.Ш. УӘлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері […]

  • ИНСТИТУТТЫҢ ПОЛЬШАМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

    ИНСТИТУТТЫҢ ПОЛЬШАМЕН БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

    22 қараша 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Варшава Университетінің проректоры Марчин Гурникевич пен Әскери техникалық академиясының докторы Павел Ставаж қонақта болды. Польшадан келген қонақтармен кездесуге Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шәмек Баянұлы Тілеубаев, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ақсұңқар Тұрсынқызы […]