ҚР Орталық мемлекеттік архивімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды 24.04.2018

2018 ж. 24 сәуірде Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы мен ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры Мұқатаев Данияр Сержанұлы арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісім бойынша ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға, дөңгелек үстел өткізуге, тематикалық көрмелер және басқа да қоғамдық шаралар ұйымдастыруға, ақпараттық қызмет көрсету және

Ақпарат 24.04.2018

 2018 ж. 24 сәуір күні Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіне қойылған мәселелердің барлығы талқыланды. Бірінші кезекте Жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің 2018 ж. жаңартылған құрамы бекітілді. Келесі Жас ғалымдар кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Ол бойынша Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері дөңгелек үстел,

Халық тарихындағы Орбулақ шайқасы 18.04.2018

2018 жылдың 18 сәуір күні Шымкент қаласында М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламаны практикалық жүзеге асыру аясында Орбулақ шайқасының 375-жылдығына арналған «Ұлт тарихындағы Орбұлақ шайқасы: Ұлы Жеңістің ақиқаты және маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Институт бірлескен ұйымдастырушысы болды, ал директор З.Қабылдинов – жоғары форумның ортақ модераторы ретінде баяндама жасады. Сол күні,

Ақпарат 13.04.2018

2018 жылдың 13 сәуір күні ҚР Мемлекеттік орталық музейінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп «III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өтті. Іс-шара аясында тарих ғылымдарының

Ғылым күні 10.04.2018

2018 жылы 10 сәуірде «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы Ғылыми қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Жиналысқа Қазақстанның академиктері мен белгілі ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, жас ғалымдар, өзге де қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты жиналысты Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж. Жұрынов ашып, ғылыми қоғамдастықты төл мерекесімен құттықтады. Білім және ғылым

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 09.04.2018

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайрымдылық қоры және Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасы 2018 жылдың 18 сәуірінде «Орбұлақ шайқасының әлемдік тарихи маңызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Осы конференцияның жұмысы барысында мынадай мәселелер талқыланады:

«III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның БАСПАСӨЗ БАЯНЫ 09.04.2018

ҚР Мемлекеттік орталық музейі әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірігіп 2018 жылдың 13-14 сәуірі күндері«III-і Арғынбаев оқулары. Қазіргі заман этнография ғылымы және оның қоғамдық жаңғырудағы ролі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өтеді. Мақалада жария етілгендей

Ақпарат 03.04.2018

2018 жылы 3 сәуірде институтта әл-Фараби ат. ҚазҰУ білім беру бағдарламасы бойынша «Ғылым ордасы» негізіндегі (Ғылыми кадрларды дайындау орталығында) 2 курс магистранттарының магистрлік диссертация жұмыстарының талқылауы өтті. Іс-шараға Институт басшылығы, магистранттардың ғылыми жетекшілері, 1, 2 курс магистранттары мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Келесі 2 курс магистранттарының диссертациялық жұмыстары талқыланды: Искакова А., Мамырайхан Е., Муратова С., Оқали С.,

Ақпарат 28.03.2018

2018 жылы 27 наурызда институт Алматы қаласы Білім басқармасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық офисі және Білім берудегі жаңа технологиялардың  қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі тұжырымдарын жүзеге асыру іс-шараларының желілік кестесіне сәйкес «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері»  ұлттық жобалары тұжырымдарын тарих сабақтарында жүзеге асыру

АЛМАТЫДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ДАРЫНДЫ МАМАНДАРДЫ ШАҚЫРАДЫ! 14.03.2018

Қазіргі уақытта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (ары қарай – ТжЭИ) республикамыздың барлық аймақтарынан талантты тарихшылары мен этнологтарын іздестіруді және шұғыл іріктеуді жүргізеді. Жаңа ғылыми жобаларды, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруларды және мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін бакалавр, магистр және доктор PhD, кандидат және тарих ғылымдарының докторы дипломдарына ие жоғары білікті мамандар қажет. «Болашақ» президенттік бағдарламаның түлектері мен шет
?>