Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Category: Жаңалықтар


  • «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХИ ЖОЛДЫ САРАЛАУ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХИ ЖОЛДЫ САРАЛАУ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстан тарихы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін» атты 7 томдық академиялық басылым әзірленіп жатыр. Төл тарихымызды жазу барысында бірқатар жұмыстар атқарылды. Қазақстан тарихы бойынша 7 томдықтың жоспары, тұжырымдамасы, міндеттері талқыланды. Республика көлемінде танымал тарихшы ғалымдардың қатысуымен методологиялық семинар-кеңес және бірнеше рет конференциялар өтті. 2023 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім […]

  • ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

    ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында сәуірдің 12 күні ғылым қызметкерлері күніне орай, салтанатты отырыс өткізілді. Институт атынан бірқатар ғылыми қызметкерлер: Ә. Нұрсан, О.Х. Мұхатова, М.Ж. Абдиров, Ж. Жеңіс, А.Т. Қайпбаева, Р.Е. Оразов, Р.Ж. Кубеев, Н.Н. Құрманалина,  А.Н. Қоңқабаева отандық тарих ғылымын дамытуға қосқан өзіндік үлесі және жеке ғылыми жетістіктері үшін “Құрмет” грамоталарымен марапатталды.  Отырыста […]

  • «АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

    «АКАДЕМИК Қ.И. СӘТБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 125 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

    2023 жылғы 12 сәуірде «Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасының конференц-залында «Академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына дайындық және оны өткізудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының (бұдан әрі-Институт) қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шараны модераторы болып академик Қ.И. Сәтбаев мұражайының Достар клубының жетекшісі Базарбай […]

  • Алматы облысының тарихы зерттеушілердің назарында

    Алматы облысының тарихы зерттеушілердің назарында

    Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Алматы облысының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында «Қарадала және Кеген өңірлері: тарих және қазіргі заман» ғылыми экспедициясы жүргізілді. Экспедицияға  тарихтың қара шаңырағы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтынан,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен, Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық университетінен тарихшы, […]

  • «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

    2023 жылдың 07 сәуір күні, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» атты ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – көне заманнан бүгінге дейінгі Атырау […]

  • «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» методологиялық семинары

    «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» методологиялық семинары

    2023 ж. 30 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» тақырыбында кезекті әдіснамалық семинарын өткізді. Негізгі баяндамашы ретінде Назарбаев Университетінің (Астана, Қазақстан) қазақ тілі және түркология кафедрасының профессоры және меңгерушісі, Еуразиялық зерттеулер саласындағы PhD, Висконсин-Мэдисон университетінің құрметті профессоры, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі Юлай Шамильоглу сөз […]

  • Польшаның Қазақстандағы елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді

    Польшаның Қазақстандағы елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді

    2023 жылдың 24 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен көрші елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді. Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к Тлеубаев Ш.Б. басқарған ғылыми семинарға Институт ғалымдары мен жас мамандары […]

  • Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына атсалысқан Институт қызметкерлеріне алғыс хаттарын жолдады

    2023 жылғы 27 наурызда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Т. Қариннің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына атсалысқан Институттың тарихшы-ғалымдарына жолдаған алғыс хаттарды табыстады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына белсенді араласып, сондай-ақ ұлт тарихы туралы материалдарды дайындауға қосқан зор еңбегі […]

  • «XVIII – XX ғғ. Қазақстан тарихындағы ғылыми терминдер мен ұғымдарды анықтау және біріздендіру» методологиялық семинары

    «XVIII – XX ғғ. Қазақстан тарихындағы ғылыми терминдер мен ұғымдарды анықтау және біріздендіру» методологиялық семинары

    Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында (бұдан әрі – Институт) 2023 жылғы 15 наурызда «Ежелгі дəуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» көптомдық академиялық басылымды дайындау жобасы аясында «XVIII – XX ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖƏНЕ БІРІЗДЕНДІРУ» тақырыбында методологиялық онлайн-семинар өткізілді. Семинар жұмысы жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін зерттеудің негізгі бағыттары, ғылыми принциптер мен əдістемелік тəсілдер, тарихи, топонимикалық жəне антропонимдік терминдерді біріздендіру […]

  • Көкшетау университеті жанынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалы ашылды

    Көкшетау университеті жанынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалы ашылды

    ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІК, СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАРИХИ- ЭТНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДА ІРГЕЛІ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРУІ ТИІС Қазіргі әлемнің кейбір геосаяси жағдайларына байланысты Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-Шығыс өңірлерінде терең тарихи зерттеулер жүргізу қажеттілі туындап отырғаны ақиқат. Себебі, соңғы уақыттарда кейбір елдердің кейбір саясаткерлерінің осы өңірлерге байланысты әр түрлі теріс және арандатушы пиғылдағы ой-тұжырымдары мен пікірлері орын алып жатқаны жасырын емес. Сондықтан осы […]