«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты 06.03.2020

ҚР Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастырушылық қолдауымен 2020 жылы 31 наурызда өткізілуі жоспарланған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілу мерзімі коронавирустың алдын-алу үшін енгізілген шараларға байланысты белгісіз

«Нұрпейіс оқулары» аясында «Академик Кеңес Нұрпейіс және қазақ мемлекеттілігінің жаңғыру тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты 18.02.2020

2020 жылдың 12 наурызында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесе отырыпкөрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының туғанына 85 жыл толуына орай өткізеді. К.Н. Нұрпейіс 1946–1952

Көрнекті шығыстанушы-ғалым және этнограф Н.Сәбитовтың 125-жылдығына арналған конференцияның ақпараттық хаты 17.02.2020

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Ұлттық кітапхана 2020 жылғы 9 сәуірде көрнекті шығыстанушы-ғалым, библиограф және этнограф Нығмет Сәбитовтың (1895–1955) 125-жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Н. Сәбитов қазақ библиографиясының басында тұрған кәсіби тұңғыш ғалым – библиограф, шығыстанушы, этнограф, сонымен қатар салалық библиографияның Кеңестік Қазақстанда қалыптасуына да жол ашқан осы Нығмет Сәбитов. 1938–1942

«Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» атты тарихшы-ғалымдарға арналған ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ 25.01.2020

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Алтын Орданың 750-жылдығы мен Тұғұрұл ханның 890-жылдығы аясында Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлардағы өзекті мәселелерін, тарихи тұлғаларын және солар туралы тың деректік мәліметтерді ғылыми айналымға қосушы, зерттеушілер қатарын айқындау, оларға демеушілік қолдау көрсету. МІНДЕТТЕРІ: · Дарынды жас және жетекші тарихшы ғалымдарды, зерттеушілердің қатарын көбейту, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын насихаттау; · Ортағасырлардағы тұлғалар туралы деректерді

ХАБАРЛАНДЫРУ 24.01.2020

2020 ж. 30 қаңтар күні, сағ. 11.00-де205 кабинетте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында кезекті методологиялық семинар жұмысы өткізіледі.  Баяндамашы: Жалпы тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессорКөкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы Тақырып: «Scopus және WOS базаларына енген журналдарға мақала шығару мәселесі».   Институт қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады орындаушы: Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі  

«Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы Дала тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты 28.10.2019

2019 жылдың 5 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбековке арналған жыл сайынғы дәстүрлі«VІІ Нүсіпбеков оқуларының» аясында«Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы Дала тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. А. Нүсіпбеков Қазақстанның
?>