Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Month: Қаңтар 2019


  • Атырауда өткен алқалы жиын

    Атырауда өткен алқалы жиын

    2019 ж. 25-26 қаңтарда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудың нақты қадамы ретінде, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдармалалық мақаласы аясында […]

  • Институтта ЮНЕСКО кафедрасының ашылуы дайындалуда

    Институтта ЮНЕСКО кафедрасының ашылуы дайындалуда

    2019 ж. 24 қаңтарда Алматы қаласында ЮНЕСКО және ИСЕКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы жанындағы материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің отырысы өтті. Институттың бас ғылыми қызметкері А.У. Тоқтабай Ұлттық комиссияның Бас хатшысы Д.Т. Изанова тарапынан «Қазақ жылқы өсірушілердің көктем мерекелері» номинациясының сарапшысы ретінде әлемдегі қазақ мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. Институт директоры […]

  • Кембридж университетінде Ш. Уәлихановтың еңбектерін шығару туралы келісім

    Кембридж университетінде Ш. Уәлихановтың еңбектерін шығару туралы келісім

    2019 ж. 21 қаңтарда Институтта ағылшын саяхатшы Томас Аткинсонның Жетісу мен Шығыс Қазақстан бойынша (1847–1852 жж.) экспедиция материалдарын зерделеген белгілі британдық зерттеуші Ник Филдингпен кездесу өтті. Кездесу барысында 2020 ж. соңында Кембридж университетінің негізінде Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының логотипі мен шығыс деректері көрсетілген Ш. Уәлихановтың таңдамалы шығармаларын жариялау және тұсаукесері туралы келісімге […]

  • Көкшетауда конференцияға қатысу және келісімшартқа қол қою

    Көкшетауда конференцияға қатысу және келісімшартқа қол қою

    2019 ж. 18 қаңтарда Көкшетауда жаңа дәуірдің атақты қазақ тарихшысы Қ.Қ. Әбуовтың 80-жылдығына арналған «Отандық тарихтың деректану мен тарихнамасының өзекті мәселелері» атты Халықаралық конференциясы өтті. Ғылыми форумға Түркия, Ресей және Қазақстанның тарихшы-ғалымдары қатысты. Институт директоры З.Е. Қабылдинов форумның Пленарлық мәжілісіне, университеттің тарихи мамандықтары бойынша түлектердің күшімен жабдықталған интерактивті аудиторияның ашылуына қатысты. Сонымен қатар, институт Ш. […]

  • «Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел аясында тренинг өтті

    «Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел аясында тренинг өтті

    2019 ж. 11-13 қаңтарда Институтта «Орталық Азиядағы әлеуметтік және мәдени тәжірибені дамыту: тарих және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел аясында тренинг өткізілді. Іс-шараға Институт өкілдері – директор, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, к.и.н., доцент А.С. Уалтаева, к.и.н., доцент Б.Қ. Смағұлов, докторанттар Ф. Лебаев пен Куркеев; әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілдері (Н. Исаева, Г. Билялова), сонымен қатар […]

  • Орталық Азия университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт

    Орталық Азия университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарт

    2019 ж. 11 қаңтарда Институт  Орталық Азия университетінің Ага ханның «Адамтану ғылымы» жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл тарих, мәдениет, дәстүрлі экономика саласында бірегей ғылыми жобаларды іске асырудың жаңа перспективаларын ашатын болады. Магистранттарға арналған жаңа курстарды енгізу, халықаралық семинарлар, тренингтер, конференциялар және т.б. өткізілуі жоспарланып отыр. Жеке мәселе ретінде Орталық Азия халықтарының салыстырмалы […]

  • Түрік әріптестермен кездесу

    Түрік әріптестермен кездесу

    2019 ж. 8 қаңтарда Институтта Анкарадағы (Түркия) Хаджеттепе университетінің профессоры Мехмет Дервиш Клынчкаямен кездесу өтті. Іс-шараға Институт директоры, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов, директор орынбасары, т.ғ.к. С.М. Борбасов, директор орынбасары, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаев, ғалым хатшы, PhD доктор М.М. Қозыбаева, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Н. Әлімбай, Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Г.У. Орынбаева, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., […]