Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Month: Ақпан 2019


  • «Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары»

    «Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары»

    2019 ж. 26 ақпанда Институттың жылдық жоспарына сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өзбекстандағы қазақтардың киелі жерлері (Жалаңтөс батыр, Төле, Айтеке билердің қабірлері т.б.), пайда болуы, зерттелу тарихы, қазіргі кездегі жағдайы» гранттық жобасы бойынша «Өзбекстандағы қазақ диаспорасының киелі жерлерін зерттеу проблемалары» атты дөңгелек үстел жұмысы өтті. Шара барысында Тохтабаева Ш.Ж. «Этикет казахов» (Алматы, 2013. – 500 […]

  • «Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» атты Халықаралық ғылыми конференция

    «Қоғамдық сананың сабақтастығы мен жаңғыруындағы бірлік пен әртүрлілік кескіні арқылы Батыс пен Шығыс мәдениетінің сұхбаты: ежелгі дәуір, ортағасыр, жаңа заман» атты Халықаралық ғылыми конференция

    2019 жылдың 28 наурызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Философия, саясаттану және дінтану институты, Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты, «Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақ университеті» жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Алматыдағы филиалының антикалық орталығы М.П. Мусоргский ат. Орал мемлекеттік консерваториясы «Қоғамдық […]

  • Армян әріптестерімен ынтымақтастық

    Армян әріптестерімен ынтымақтастық

    2019 ж. 19 ақпанда институтқа Армения Республикасының Алматы қ. Құрметті консулы Арам Навасардян келді. Кездесу барысында Армениядағы Археология және этнология институтының мүдделеріне өкілдік етіп, аталған ғылыми мекемемен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы ұсынысын білдірді. Армян әріптестерімен ынтымақтастық бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыру, монография жазу, магистранттар мен докторанттарға тағылымдаманы ұйымдастыру, сонымен қатар конференция өткізуімен байланысты болады.

  • Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасын ғылыми негізде зерттеуші, текстолог Хамадан Университетінің профессоры Али Мохаммадимен кездесу

    Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасын ғылыми негізде зерттеуші, текстолог Хамадан Университетінің профессоры Али Мохаммадимен кездесу

    Институттың  Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен  13 ақпан 2019 жылы Иран Ислам Республикасының Хамадан Университетінің профессоры,  Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасын ғылыми негізде зерттеуші, текстолог ғалым Али Мохаммади мырзамен кездесу өтті. Кездесуге Али Мохаммади мырзадан өзге Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, шығыстанушы […]

  • «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

    «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты республикалық дөңгелек үстел өтті

    2019 ж. 12 ақпанда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырманы іске асыру аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобаны орындау шеңберінде ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың жалпы әдіснамалық тәсілдерін […]

  • «Архив-2025» орталығының директорымен кездесу

    «Архив-2025» орталығының директорымен кездесу

    2019 ж. 7 ақпанда институтта ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Архив-2025» орталығының директоры Б. Әбдіғалимен кездесу өтті. Шетелдерден бұрын әкелінген мұрағат материалдарының тізілімін құру, Институт қызметкерлерінің әлемдегі ең ірі мұрағат қоймаларына шығу тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша қатысушыларға арналған тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу және бекітуі ұсынылды. Институт директоры З. Қабылдинов келген қонаққа президенттік тапсырманы сапалы орындау үшін […]

  • «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

    «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстелдің  БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

    2019 ж. 12 ақпанда сағат 11.00-де Алматы қ. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмасын орындау мақсатында «Ұлы даланың ұлы есімдері: зерттеудің методологиялық әдістері» атты Республикалық дөңгелек үстелді өткізуді жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасының жобалары мен «Ұлы даланың ұлы есімдері» […]

  • Әзірбайжанда Шоқан Уәлихановтың шығармаларын жариялау туралы

    Әзірбайжанда Шоқан Уәлихановтың шығармаларын жариялау туралы

    2019 ж. 01 ақпанда Институтқа Ұлы түркі құрылтайының шақырылымы бойынша Халықаралық ұйымдастыру Комитетінің төрағасы Ибрағим Халил Нариманоғлы Балайоғұллары келді. Кездесу барысында Шоқан Уәлихановтың таңдалған еңбектерін әзірбайжан тіліне аудару, оларды Бакуде жариялау және тұсаукесерін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Келген қонақ Әзірбайжан Тарихы институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасасу бойынша жәрдемдесуге уәде берді.