-
Қазақстан-Американдық еркін университетімен ынтымақтастық туралы келісім-шарт
2020 ж. 23 қазанда Өскемен қаласына ғылыми іссапар барысында Институт пен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Осы меморандумды жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықтың келесі бағыттары анықталды: бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, ғылыми ақпарат алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
-
«Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.» (составители: Хафизова К.Ш., Моисеев В.А.) атты архивтік құжаттар жинағының тұсаукесері
2020 ж. 23 қазанда Институт ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.» (составители: Хафизова К.Ш., Моисеев В.А.) архивтік құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге Ресей, Қытай, Жапония, Қырғыстан және т.б. ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Іс – шараны модератор – институт директоры, профессор З.Е. Қабылдинов […]