Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТІҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА ОТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰЛҒАНЫҢ РӨЛІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді 2019 жылғы 24 қазанда«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында отан тарихындағы тұлғаның рөлі»халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуларыңызды шақырады. Осы іс-шара«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы үшін өзектендіру, ғылыми тұрғыдан таңдау және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша талдамалық зерттеу жасау» жобасы аясында өткізіледі.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын орындау аясында «тұлғаландыру сипатына ие болған»отан тарихын шынайы түрде талдау мақсатында біртуар қайраткерлердің мемлекеттіліктің, елдің ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесін зерттеу өзекті болып табылады. Біртуар тарихи тұлғалар елдің символы әрі мақтанышы, оның мұраты әрі өнегесі болып табылады. Кез келген қоғамда өз халқының тарихында елеулі рөл ойнаған тұлғаны дәріптеу зор идеологиялық және тәрбиелеу маңызына ие, өскелең ұрпақты отан сүю және жоғары деңгейлі мәдениетке баулуға ықпал етеді. Қазақстан халқының өзінің ұлы тарихындағы әл-Фараби, Ясауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай және т.б. сияқты ұлы есімдерді мақтан еткені ақылға қонымды.

Конференцияның аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері»мультимедиялық платформасының (картасының) тұсаукесері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құруТұжырымдамасы жобасының және осы жобаға қатысты басқа да нәтижелердің талқыланатыны жоспарланған.

Конференцияға тарих ғылымы мен этнология, тіл білімі, мұражай ісі, журналистика саласындағы және Мемлекет тарихы институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Академик Қ. И. Сәтбаев атындағы Мемориалдық музей, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетісияқты жетекші ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарының да қатысуы жоспарланған. Сондай-ақ алыс және жақын шетел ғалымдарының қатысуы жоспарланып отыр.

 Конференцияда келесі бағыттар бойынша өтеді:

· · Тарихтағы тұлғаның маңыздылығының теориялық, әдіснамалық мәселелері. Тұлға және қоғам.

· · Ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Ұлы даланың ұлы тұлғалары.

· ·Қазақ хандығының тарихы ұлы хандар, аталықтар, билер, батырлар қызметі арқылы.

· ·Ресей империясындағы Қазақ даласының ұлы есімдері.

· ·Кеңестік Қазақстанның біртуар қайраткерлері.

· ·Тәуелсіздік кезіндегі біртуар қайраткерлер.

· ·Президент және президенттік институты: отандық және әлемдік тәжірибе.

· ·Қазақстан тарих және этнология ғылымдарының өзекті мәселелері.

Конференцияның аясында пленарлық мәжіліс пен ғылыми секциялардың жұмысы өткізіледі:

1 – секция. Түркі өркениетіндегі тұлғафеномені

2 – секция. Ресей империясындағы Қазақстанның ұлы тұлғалары

3 – секция.Тұлғаның кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу түрі: іштей, сырттай (басқа қалалардың қатысушылары үшін)

Жол жүру және қонуға қатысты шығындар – жіберуші тараптың есебінен.

 Баяндаманы конфернцияның бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2019 жылғы 20 қыркүйекке тіркеу нысанын, сондай-ақ 2019 жылғы 10 қазанға дейін баяндаманың мәтінің жіберу керек. Материалдар келесі талаптарға дәлме-дәл сай болуы қажет:

1. Тіркеу нысаны мен баяндаманың мәтіні (конференцияның тақырыптарына байланысты және жалпы көлемі 7 беттен аспауы керек), мәтін MS WORD редакторында терілген болуы қажет; файлдың аты және суреттер арнайы файлда jpeg түрінде автордың фамилиясымен жазылуы керек.

2. Формат беті: А4, шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см, сол жағы – 3 см, аралық интервал – бір, азат жол шегінуі: 0,95.

3. Алдымен баяндаманың атауы жазылады: жоғарғы жағында, ортасында БАС ӘРІППЕН (ҚАРА ЖАЛПАҚ ӘРІП).

4. Баяндама атауының астында кіші әріппен (қара жалпақ әріп) ортасында автордың аты-жөні Т.А.Ә. (толық), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жазылады.

5. Төменде мекеменің толық аты, автордың жұмыс орны жазылады.

6. Бір интервал арқылы азат жолдан кейін баяндама (мақала) материалдары кетеді.

7. Мақала соңында әдебиеттер тізімі (және деректер) орналасады, және жұмыстың сілтемесін ретімен сәйкестендіріп құрау. Мәтіндегі сілтеме тік бұрышты жақша ішінде сан арқылы рәсімделеді, оның көрсетілген әдебиеттері Тізімдегі деректерінің беттеріне сәйкес келуі керек, мысалы: [6, 2-б.].

8. Барлық суреттер жақсы сапада болуы шарт және 300 dpi кем емес. Олар міндетті түрде мақалаға jpeg форматында қойылуы керек.

 Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімі E-mail:uly.esimder@bk.ru

Байланыс телефондары:тел./факс 8 (727) 261-67-19; тел. 261-65-57 (Этнология және антропология бөлімі), Абдулина Ақсунқар Турсынқызы – т.ғ.к., жғк, е-mail: abd_aksunkar@mail.ru; моб.: +7 77731220 36, Смагулов Болат Құдайбергенұлы – т.ғ.к., жғк, е-mail: bolat_alemdar@mail.ru; моб.: +7 7074265147

  Қатысушының тіркеу нысаны

1.  Тегі (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

2. Аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

3. Әкесінің аты (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

4. Ғылыми атағы, дәрежесі

5. Ұйым (ЖОО, ғылыми мекемелерінің атауы және оның мекен-жайы)

6. Автордың мекен-жайы (индекспен көрсету міндетті)

7. E-mail

8. Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен)

9. Баяндама тақырыбының атауы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде)

10. Конференцияның бағыты

11. Секциясы

12. Керекті техникалық жабдықтар

13. Қонақ үй номірлерін сақтап қою керек пе (иә/жоқ)