Пекин университетінің делегациясымен кездесу

2019 ж. 20 тамызда институт ұжымы Пекин университетінің 20 ғалым-аспиранттары мен қызметкерлер құрамындағы делегациясымен кездесті. Ғылыми жобаларды, конференциялар мен дөңгелек үстелдерді бірлесіп жүзеге асыру бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, докторанттарға тағылымдамалар ұйымдастыру мен ғылыми кеңес беру мәселелері көтерілді.

Делегация мүшелеріне институт ғалымдары шығарған құнды еңбектері табысталды, сонымен қатар «Ғылым ордасының» археология музеі мен Қ.И. Сәтбаев ат. музейінде экскурсиялар ұйымдастырылды. Институт ұжымы орындаған «Қазақстан тарихы» Интерактивті ғылыми тарихи картасы көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қытайдың жетекші университеттерімен әрі қарай ғылыми ынтымақтастық пен меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.