Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАЛАРЫ» атты дөңгелек үстел


2019 ж. 13 қыркүйекте сағат 11:00-де Түркістан қаласында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесе отырып Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек» деген тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы үшін өзектендіру, ғылыми тұрғыдан таңдау және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша талдамалық зерттеу жасау» жобасы аясында «Қазақ хандығының көрнекті тұлғалары» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлы тұлғалар – өздерінің ерекше тұлғалық қасиеті, қайраткерлік қарымы, көсемдігі мен шешендігі, рухани кемелдігі арқылы тарихтың сан алуан белестерінде көшбасшылық рөл атқарып, Ел мүддесі жолында аянбай қызмет етіп, оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан, атқарған қоғамдық-саяси және идеологиялық қызметі арқылы өз өлкесінің аясынан шығып, әртүрлі тарихи дәуірлер мен кезеңдерде бүкіл қазақ даласына танымал болған және мойындалған адамдар.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларын орындау аясында «тұлғаландыру сипатына ие болған» отан тарихын шынайы түрде талдау мақсатында біртуар қайраткерлердің мемлекеттің, елдің қоғамдық-саяси және мәдени-рухани дамуына қосқан үлесін зерттеу өзекті болып табылады. Сонымен қатар, қазақ хандығының көрнекті тұлғаларын дәріптеу, насихаттау зор идеологиялық және тәрбиелік маңызға ие, өскелең ұрпақты отан сүю және жоғары деңгейлі мәдениетке баулуға ықпал етеді. Атақты қазақ хандары мен сұлтандары, батырлар мен билері еліміздің символы әрі мақтанышы, оның мұраты әрі өнегесі болып табылады. Дөңгелек үстелдің түбі бір түркі әлемінің ірі рухани орталығы, Қазақ хандығының астанасы – Түркістан қаласында өтуі де заңдылықтың бір белгісі.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Іс-шараға кәсіби тарихшылар мен әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік мекемелер өкілдері мен жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар және магистранттар, студенттер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: Түркістан қ., Б.Саттарханов даңғылы 29.

Өтетін уақыты: 13 қыркүйек, 2019 жыл. Сағат 11:00.

Байланыс телефондары: Тұрсын Хазіретәлі Маханұлы – т.ғ.д., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, е-mail: tursunhazret@mail.ru, моб.: +7 701 728 7276;

Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы – т.ғ.к., Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, е-mail: s.shildebai@mail.ru, моб.: +7 701 765 27 06;

Лебаев Фархат Рашидұлы – Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихи демография және ҚХА бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, PhD докторант, е-mail: tazshaboy@mail.ru, tazshaboy@gmail.com моб.: +7 707 71 777 31