Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


Дөңгелек үстел:«Қазақстанның Орталық және Шығыс аймақтарында шоғырланған этникалық топтардың бірігінің нығаюы ерекшеліктері»

«Қазақстан халқы» интерактивті картасын таныстыру

 Өткізілетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі 28, 2қабат, 205 бөлме.

Уақыты: 2019 жылдың 15 қазаны, сағат 11: 00- 13:00.

 Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің тапсырмасыменШ.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы жобасын талдамалық зерттеу, өзекті қылу және ақпараттық қолдау аясында өткізеді.

Қазақстандағықоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік үлгісі өте маңызды болып табылады, бұл үлгінің негізгі мәні Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ол Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғырту мен Қазақстан халқының рухани жаңаруүрдістерін айқындайды.

Дөңгелек үстелдеОрталық және Шығыс Қазақстандағы тарихи демография мен этно-демографиялық үдерістерді талқылау жоспарланған.

Қарастыралатын мәселелелер:

– Жалпы қазақстандық этникаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің ерекше моделін қалыптастырудағы ҚХА-ның рөлі;

– Қазақстанның Орталық және Шығыс аймақтарындағы этникалық топтардың бірігіп нығаюы;

– Қазақстанның Орталық және Шығыс аймақтарындағы этностардың этномәдени дәстүрлері;

– тақырып бойынша карталарға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу;

– №15 «Қазақ мемлекеттілігінің этникалық негіздері (VI ғасыр – ХІІІ ғ. басы)» картаның геоақпараттық қатпарларын толықтыру, жөндеу және бейімдеу.

Дөңгелек үстелге қатысуға шақырылатындар: этнографтар, фольклор, тарих, өңіртану саласындағы және мұражай ісімен айналысатын тәжірибелі мамандар.

Қазақстанның Орталық және Шығыс аймақтарындағы этникалық топтардың бірігіп нығаюы мен олардың этномәдени дәстүрлері жайлы анықталған ақпарат алуға мүдделілер, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Алматыдағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері.

 

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7(727)272-44-59

+77071778988