Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қалшабаева Б.К. Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу): 07.00.07


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 27 тамыз  2010 жылы (хаттама № 26) қорғауға қабылданған  Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультеті археология және этнология кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызының «Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» тақырыбындағы 07.00.07 – Этнография, этнология және антропология мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарландыру.

Диссертация 2010 жылы 25 қарашада сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

Ғылыми кеңесші: Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы – Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессоры (мамандығының шифры – 07.00.07);

Жетекші ұйым: ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Онда тарих ғылымдарының докторы Ш.Ж. Тохтабаева (мамандығының шифры – 07.00.07, этнография, этнология және антропология), тарих ғылымдарының кандидаттары Г.А. Искаков пен Каримова Р.У. (мамандығының шифры – 07.00.07, этнография, этнология және антропология), басқа тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Әбусейітова М.К., Есмағамбетов К.Л., Меңдіқұлова Г.М., Муминов А.К., Камалов А.К., т.б. еңбек етеді.

Ресми оппоненттер:
1. Смағұлов Оразақ – ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Этнология және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корр.-мүшесі (Италия), тарих ғылымдарының докторы профессор (мамандығының шифры 07.00.07) ұсынылады.
2. Жамбыл Омарұлы Артықбаев – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры және Еуразия зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы (мамандығының шифры 07.00.07) ұсынылады.
3.Турдалиева Чолпан Жаппарбековна –Орталық Азиядағы Американ университеті (Қырғызстан) профессоры, тарих ғылымдарының докторы (мамандығының шифры 07.00.07) ұсынылады.

Осы хабарлау және диссертацияның авторефераты институттың www.iie.kz сайтында жарияланды.