Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Астана қ. Еуразиялық форум


2019 жылдың 25 қазан күнi, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетiнде (Нұр-Сұлтан қ.) «Ұлы дала тарихы: Кɵне дəуiрден қазiргi заманға дейiн» атты халықаралық Еуразиялық форумы мен Республикалық Тарихшылардың ұлттық VII кезектi Конгресi болды. Бұл жиында Республиканың түпкiр-түпкiрiнен келген атақты тарихшы ғалымдар бас қосты. Жиын барысында Ш.Ш. Уəлиханов ат. Тарих жəне этнология институтында дайындалған «Қазақтан тарихы. Энциклопедиясы. – I томының», Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-нi негiзiнде дайындалған «Қазақстанның жалпы тарихы-I томының», «Түркiтану» журналының сонымен қатар Ұлттық музей негiзiнде дайындалған Н.Əлiмбайдың «Қазақ халқының этнографиялық санаттары, түсініктері мен атауларының дәстүрлі жүйесі» бес томдық ғылыми-этнографиялық V-томдық энциклопедиясының тұсау кесерi ɵттi.