«Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы Дала тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты

2019 жылдың 5 желтоқсанында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбековке арналған жыл сайынғы дәстүрлі«VІІ Нүсіпбеков оқуларының» аясында«Академик Ақай Нүсіпбеков және Ұлы Дала тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

А. Нүсіпбеков Қазақстанның тарих ғылымында танымалғалым-зерттеуші,ғылымды ұйымдастырушы көрнекті қайраткер ретінде белгілі. Оның соғысқа дейінгі еңбек жолы білім және мәдени-ағарту жұмыстары салаларымен тығыз байланыста болды. Мемлекеттік қызметтетүрлі жауапты жұмыстарды атқарған жас ғалым 1942 ж. мамырда Алматыдан даңқтыгенерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясын толықтыруға арнайы жіберілген бір топ қазақ жауынгерлерінің қатарында майдан шебіне аттанды. Соғыстың аяғына дейін ұрыстарға қатысқан А. Нүсіпбеков аға лейтенант, миномет батареясының саяси жетекшісі қызметінен дивизия саяси бөлімінің аға нұсқаушысы дәрежесіне дейін жетіп, майдан жолын 1946 жылы майор шенінде аяқтады. 1946 жылдан бастау алғанА. Нүсіпбековтің белсенді және сан-салалығылыми-ұйымдастырушылық және ғылыми-шығармашылық қызметі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында өтті. Ғылыми ізденісті кіші ғылыми қызметкер лауазымынан бастаған А. Нүсіпбеков Институт директоры (1956-1982), академик,Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті (1968-1976) қызметтеріне дейін көтеріле біліп, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның қол астында қызмет еткен Тарих институты Кеңес Одағында алдынғы қатарлы ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарына кіріп, оның ғылыми ұжымыныңеңбектеріжақын және алыс шетелге танымал бола бастады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– А.Н. Нүсіпбеков – дарынды ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері;

– Академик А.Н. Нүсіпбековтің зерттеулеріндегі қазақ халқыныңұлт-азаттық қозғалыс тарихы (ХVІІІ-ХІХ ғ.);

– ХХ ғасырдағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс тарихының мәселелері;

– Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының мәселелері;

- Кеңестік Қазақстандағы мәдениет және тарих ғылымы;

– Екінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан: тарихи және тарихнамалық мәселелер.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияның мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 20 қарашасына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты; 8 (727) 272-46-55 (Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail:kazhistory@bk.ru; S.Shildebai@mail.ru

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы. Кіші конферен-зал. Басталуы сағат 10:00.

Аты-жөні (толық)___________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Лауазымы: ________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _____________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________

Автордың адресі:___________________________________________________

Факс, E-mail _______________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________________

 

Ұйымдастыру комитеті