Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Еуразия кеңістігіндегі қазақтар: тарих, мәдениет және әлеуметтік-мәдени процестер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2019 ж. 5-6 қарашасында, Омбы қаласында, Қазақстан мен Ресей – екі мемлекет басшыларының кездесуі қарсаңында, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Еуразия кеңістігіндегі қазақтар: тарих, мәдениет және әлеуметтік-мәдени процестер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның тең ұйымдастырушысы болды. Конференция Ресейдегі қазақ ұлттық-мәдени қозғалысының 30-жылдығына және«Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының 30-жылдығына арналды және РҒА археология және этнография институтының Омбы археология, этнография және музейтану зертханасының базасында өтті. Іс-шара барысында Сібір қазақтарының тарихи және мәдени мұрасының өзекті мәселелері талқыланды. Институт өкілдері: директор, профессор З.Е. Қабылдинов және ғылыми хатшы, PhD М.М. Қозыбаева баяндама жасады. Конференция соңында РҒА археология және этнография институтының Омбы археология, этнография және музейтану зертханасымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Омбы қаласында ғылыми іс-сапар барысында Омбы облысы тарихи мұрағатының директоры Л. А. Чекалинамен және Омбы облысы мәдениет министрлігінің мұрағат басқармасының бастығы Г. И. Растегаевамен «Қазақ-ресей қарым-қатынасының тарихынан (XVIII ғасыр)» мұрағаттық құжаттар жинағын шығаруға дайындық бойынша жұмыс кездесуі өткізілді. Жинақ бойынша жұмысын 2019 жылдың қараша айының соңына қарай аяқтау жоспарлануда.  Конференцияға қатысушылар ресейлік белгілі суретші Амангелді Шәкеновке ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі – Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов қатысып, суретшінің естелігіне тағзым етіп, оның заманауи бейнелеу өнерінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.