Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция


2019 ж. 12 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жанғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.К. Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А. Әзілханов, Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Г. Аяған, сонымен қатар басқа да отандық ғалымдар қатысты. Конференцияда Институт директоры, профессор З.Е. Қабылдинов баяндама жасады. Институт пен «Рухани жанғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.