Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ораз-Мұхаммед Онданұлының заманауи тарихтағы рөлі» атты халықаралық конференция


2019 жылы 14 қарашада Мәскеу қ. ҚР Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған «Ораз-Мұхаммед Онданұлының заманауи тарихтағы рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Ғылыми форумның модераторы институт директоры З.Е. Қабылдинов болды. Сонымен қатар, ол «Ораз-Мұхаммедтің Қазақстан және шектес аумақтар тарихындағы миссиясы мен рөлі туралы» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми форумда белгілі қазақстандық және ресейлік ғалымдардың (И.В. Зайцев, М.Ж. Әбдіров, А.В. Беляков, Р.Д. Темірғалиев, Н.Ә. Атығаев және т.б.) баяндамалары тыңдалды.

2019 жылы 15 қарашада Қасымов қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Н. Тасмағамбетовтың бастамасымен Ораз-Мұхаммедтің (1571-1610 жж.) құрметіне мемориалдық тас (Құлпытас) ресми түрде ашылды.