Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру бойынша аналитикалық талдау, таңдау критерилерінің ғылыми-негіздемелерін жасау мен ақпараттық сүйемелдеу» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Ақтөбе қаласына іс-сапар есебі


2019 жылдың 16-29 қыркүйегі аралығында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру бойынша аналитикалық талдау, таңдау критерилерінің ғылыми-негіздемелерін жасау мен ақпараттық сүйемелдеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласына іс-сапармен институ­ттан барған ғылыми-сараптамалық топтың (құрамында – жетекші ғылыми қызметкерлер, тарих ғылымының кандидаттары – Ә.Қ. Шашаев, А.Т. Қайыпбаева, ғылыми қызметкерлер – З.Б. Байжұманова, М.Т. Морякова) негізгі мақсаты өңірлік мұрағат пен мұражай қорларындағы тарихи деректермен, арнайы құжаттармен, сирек кездесетін қолжазбалармен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізу, жергілікті ғалымдармен, мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, жекелеген азаматтармен пікір алмасу және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру. Бірнеше мекемелермен, атап айтсақ: Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві, Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейі, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ММ Ырғыз аудандық мемлекеттік архиві, Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейі, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директорларымен ғылыми-ақпараттық байланысты нығайту бағытындағы өз-ара ынтымақтастық келісім шартқа отырдық. Орталық өлкетану музейі өткізген «Музей түні» іс-шарасына қатысып, одағы тарихи жәдігерлермен таныстық, әрине музей ғимаратының заманауи сәулет үлгісімен салынып, өте жақсы жабдықталғанына, облыс пен қала басшылығының өлке тарихына жіті көңіл бөлетіндігінің айғағы ретінде қабылдадық.

Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасымен таныстыру, насихаттау бағытында «Ақтөбе қаласы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Ұлы тұлға ұлт тарихының қазығы» лекция-концерт (23.09.2019 Мәдениет үйі); Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі МКҚКұстаздары мен студенттеріне «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» тақырыбында тарихи дәріс сабағы (24.09.2019); Ақтөбе «Қазақстан» телеарнасының «Сәті түскен сұхұбат» бағдарламасында жобаға байланысты  интервью (24.09.2019 сағ. 12.00 тікелей эфир); Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесіп «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру бойынша аналитикалық талдау, таңдау критерилерінің ғылыми-негіздемелерін жасау мен ақпараттық сүйемелдеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отандық тарихтағы ұлы тұлғаларың рөлі мен орны» атты Республикалық дөнгелек  үстел өткізілді (25.09.2019). Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистрантар, БАҚ өкілдері қатысты.Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивімен бірлескен «Отандық және шетелдің архив қызметіндегі озық тәжрибелер» атты диалог алаңы өтті (26.09.2019)