Ғылым және техника саласындағы Лениндік сыйлықтың иегерлері, Қазақстандық белгілі ғалымдардың өмірі мен қызметіне арналған Еске алу кеші мен көрмесі өтті

2019 ж. 19 желтоқсанда «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасын жүзеге асыру аясында«Ғылым ордасы» конференц-залында 1958 жылы Ғылым және техника саласындағы Лениндік сыйлықтың лауреаттары болған қазақстандық данышпан ғалымдар:  Қ.И. Сәтбаев, И.П. Новохатский, Р.А. Боруқаев, Д.Н. Казанли, Г.Н. Щерба, Г.Б. Жилинский және Г.Ц. Медоевқа арналған еске алу кеші болып өтті.

Іс-шара аясында геология ғылымы  саласында бүкіл әлемге танымал болған ғалымдардың өмірі мен қызметіне арналған көрме   ұйымдастырылды. Еске алу кешіне Геология институтының директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Г.Ж. Жолтаев, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик С.М.Оздоев, белгілі ғалымдар, геология саласының ардагерлері, ҰҒА корреспондент-мүшесі Э.Ж. Сейтмуратова, Т.Ж. Неталиева, геология-минералогия ғылымдарының  докторы А.Дияров, Қ.И. Сәтбаевтың немерелері: геология-минералогия ғылымдарының докторы А.Третьяков, филология ғылымдарының докторы Н.Жармағамбетов, «Ғылым ордасы» РМК директорының орынбасары, т.ғ.к. Н.Б. Сейдин және Қ.И. Сәтбаев атындағы №56 мектеп-гимназияның жоғарғы сынып оқушылары, студент жастар қатысты.

Іс шараны ұйымдастырушылар: Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық музейі, Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, «Ғылым ордасы» РМК. Еске алу кешінде геология саласындағы ардагерлер  геология ғылымы  саласындағы қазақстандық  ғалымдар-Лениндік сыйлықтың иегерлері туралы естеліпен бөлісіп, қызу пікір талас, әңгіме қозғалады. Іс-шараның басты мақсаты  еліміздің халық шаруашылығына  әрбір кезеңде, соның ішінде 1941-1945 жж. Сұрапыл ҰОС кезіңінде дамуына елеулі үлес қосқан ұлы геолог ғалымдарды ұлықтау  болып табылады. Ардагер ғалымдарға сый-сияпат көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды. Үздік оқушыларға мемориалдық музей атынан құрмет грамоталары тапсырылды.