Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың 2019 жылдың жұмыс нәтижелері бойынша жылдық қорытынды есебі


2019 ж. 27 желтоқсанда Институтта «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов Институттың 2019 жылғы ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының негізгі нәтижелері бойынша көпшіліктің алдында жылдық қорытынды есеп берді. Іс-шараға республика бойынша белгілі отандық ғалымдары, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан ат. Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің және т.б. ЖОО-ның профессор-оқытушылары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері және әкімшілік және БАҚ өкілдері қатысты. Конференция барысында институттың бірнеше қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар Институттың 5 жаңа еңбектерінің (Национально-освободительное движение  казахского народа в конце XIX – начале XX веков. Сборник документов. – Алматы, 2019 – 640 с.; Из истории казахско-российских отношений. XVIII век. Сборник документов. – Алматы, 2019 – 522 с.; Исаева А.И. Көрнекті ғалым М.С. Мұқанов және XX ғасырдағы отандық этнология – Алматы, 2019 – 296 б.; Калыбекова М.Ч., Шеткус Б., Болатхан Ә. От Балтийского моря до степей Казахстана. Монография. – Алматы, 2019 – 260 с.; Калыбекова М.Ч. Науқанды заман: қазақ жеріне халықтарды депортациялау тарихы (1937-1956 жж.). Монография. – Алматы, 2019 – 267 б.) тұсаукесерлері өткізілді. Әр қатысушыға таныстырылым кітаптары табысталды.