Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Этнология және антропология бөлімінің семинары


2020 ж. 14 қаңтарда институтта этнология және антроплогия бөлімінің ұйымдастыруымен ғылыми семинар өткізілді. Семинарда Қазақстанның этнографиялық ғылымы дамуының өзекті мәселелері талқыланды. Ғылыми семинардың жұмысына этнология және антроплогия бөлімінің қызметкерлері (Г. Орынбаева, А. Абдулина, С. Әжіғали, А. Тоқтабай, Б. Әшім, В. Зикирбаева, Б. Смағұлов), сонымен қатар Б. Құдайбергенұлы, Ә. Шашаев, А. Уалтаева, М. Қозыбаева қатысты.

Пікірталас барысында С. Әжіғали Қазақстандағы далалық этнографиялық зерттеулерді жүргізудің әдіснамалық негізі ретінде визуалды антропологияның жетістіктерін есепке алу қажеттігіне ерекше назар аударды. Ғылыми семинарға қатысушылар Қазақстан мен шетел қазақтарының дәстүрлі мәдениетін кешенді зерттеудің маңыздылығын, гранттық ғылыми жобаларда көрсетілгенін атап өтті.