Институт Ереван мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2020 ж. 8 қаңтарда Институт директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы Армения Республикасының Ереван мемлекеттік университеті ректорының міндеттерін атқарушы, физика-математикалық ғылымдарының докторы, профессор Гегам Грикорович Геворкянмен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. 

Өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: ғылым, білім, мәдениет, ұлтаралық және конфессияаралық диалог саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру; ғылыми ақпарат алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар және халықаралық деңгейдегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыру болып белгіленді; рейтингтік басылымдарда бірлескен жарияланымдар және зерттеу нәтижелерін патенттеу, сонымен 0атар тараптардың ғылыми басылымдарында жарияланымдармен алмасу, аспирантура, докторантура және біліктілікті арттыру курстары арқылы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, жас зерттеушілерге тағылымдамалар ұйымдастыру және т. б.