Көрнекті шығыстанушы-ғалым және этнограф Н.Сәбитовтың 125-жылдығына арналған конференцияның ақпараттық хаты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Ұлттық кітапхана 2020 жылғы 9 сәуірде көрнекті шығыстанушы-ғалым, библиограф және этнограф Нығмет Сәбитовтың (1895–1955) 125-жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Н. Сәбитов қазақ библиографиясының басында тұрған кәсіби тұңғыш ғалым – библиограф, шығыстанушы, этнограф, сонымен қатар салалық библиографияның Кеңестік Қазақстанда қалыптасуына да жол ашқан осы Нығмет Сәбитов. 1938–1942 жж. Қазақ мемлекеттік кітапханасында (қазіргі: ҚР Ұлттық кітапханасы), 1945–1955 жж. ҚазССР ҒА Тарих, археология және этнография институтында (қазіргі: ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) жемісті жұмыстар атқарған. Н. Сәбитов 1945 жылы құрылған ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнография Институты этнография секторының (бөлімінің) алғашқы меңгерушісі, институт директорының орынбасары болып жұмыс істеді және сол уақытта ҚазКСР Министрлер кеңесінің жанындағы дін мәселесі бойынша Уәкілетті өкілі болған. Ғалым ұлттық библиография мен деректанудың дамуына үлкен үлес қосты, құнды библиографиялық көрсеткіштердің негізін қалаған көп материал өңдеп, жүйеге келтірді. Нығмет Сәбитов Қазақстан этнографиясы, тарихы және мәдениетіне қатысты бірқатар еңбектерін жариялады, бірақ көптеген еңбектері жарияланбай қалған. Сан-қырлы мәселелермен айналысқан ғалымның шығармашылық мұрасы осы күнге дейін өзекті, бұдан әрі де зерттеуді талап етеді.

Конференцияға қатысуғашығыстанушы, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлар мен оқытушылары, мәдениет қайраткерлер, жалпы барлық осы мәселеге қызығушылық танытатын жұртшылық өкілдерді, докторанттар мен магистранттарды және т.б. шақырамыз.

 Конференция аясында келесі іс-шаралардың өткізілуі жоспарланып отыр:

  1. Н. Сәбитовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған көрме өткізу.
  2. Ә.Қ. Шашаев пен М.М. Бегманованың «Нығмет Сәбитов – шығыстанушы, этнограф-тарихшы, библиограф» монографиясының тұсаукесері.

 Конференция аясында келесі мәселелердің талқылануы жоспарланып отыр:

  • · Нығмет Сәбитовтың өмірі мен қызметі
  • Н. Сәбитовтың ғылымға қосқан үлесі әрі шығармашылығының маңыздылығы
  • ·Нығмет Сәбитовжәне Қазақстанның қазіргі этнологиясы, шығыстануы және библиографиясының өзекті мәселелері

 Өтінімдер мен баяндамалардын тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 15 наурызына дейін.

Басқа қалалардан келетін конференцияға қатысушылардың шығындары – іссапарға жіберген ұйымның есебінен

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы және байланыс телефондары:

050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімі;+7(727) 261-65-57;

Тел.: +77076730771, e-mail: arayomark@yahoo.com Омар Арай Қалиханқызы, ғылыми қызметкер.

Конференцияның өтетін уақыты: 9 сәуір 2020 ж., сағат 11.00

Конференция өтетін мекен-жай: 050013Алматы қ., Абай даңғ., 14

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы

+7 (727) 267-28-83 –ҰК қабылдау бөлімі

+7 (727) 267-28-64 – баспасөз хатшысы

 Ұйымдастыру комитеті

 ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІНІҢ ҮЛГІСІ

(msword мәтіндік редакторында)

Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Баяндама тақырыбы
Мекеме атауы, қала (толық, қысқартусыз)
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағы
Қызметі
E-mail
Байланыстелефондары