Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Нұрпейіс оқулары» аясында «Академик Кеңес Нұрпейіс және қазақ мемлекеттілігінің жаңғыру тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты


2020 жылдың 12 наурызында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесе отырыпкөрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының туғанына 85 жыл толуына орай өткізеді.

К.Н. Нұрпейіс 1946–1952 жылдары Алматы қаласындағы № 18 Жамбыл атындағы ер балалар орта мектебінде, 1952–1957 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетінде (алғашында философия факультетіне оқуға түсіп, кейін тарих факультетіне ауысқан) оқиды. К.Н. Нұрпейіс 1957 жылы университетті үздік бітіріп, сол жерде жұмысқа қалдырылады. 1958 жылы ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов Тарих, археология және этнография институтына ғылыми қызметке шақырылған К.Н. Нұрпейіс осы институт қабырғасында өмірінің соңына дейін табысты қызмет етті. Мұнда ол кіші ғылыми қызметкерден белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигіне дейінгі жолдан өтті. Сонымен қатар, К.Н. Нұрпейіс Қазақ қыздар педагогикалық институтында ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызметпен айналысты.

К.Н. НұрпейісҚазақстан тарихының ұлттық-мемлекеттік құрылысжәне әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша, Қазақстан тарихындағы «ақтаңдақтарды» жою, халықтың тарихи санасын қалыптастыру, мәдени мұрасын жаңғырту бағытында, Алаш қозғалысының тарихы жөнінде 20-дан астам монография, кітапшалар мен оқулықтар және 500-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалаларын жариялады. 1982 жылы Қазақстан тарихының 5 томдық ұжымдық жинағын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Оның ғылыми жетекшілігімен 50-ге жуық кандидаттық, 10-нан астам докторлық диссертациялар қорғалды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Академик Кеңес Нұрпейістің өмірі мен қызметі;

– Академик К.Н. Нұрпейіс зерттеулеріндегі қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы (ХІХ-ХХ ғ.);

– Академик К.Н. Нұрпейіс және Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихының өзекті мәселелері;

– Қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы: Кеңестік қазақ автономиясының құрылуы мен территориялық біртұтастығының қалыптасуы;

– Кеңестік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихының белгісіз беттері: теориясы және тәжірибесі;

– Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы деидеологизация (тарих «ақтаңдақтарын» жою, халықтың тарихи санасын қалыптастыру және мәдени-рухани жаңғыру процесі).

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияның мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 1 наурызына дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты; 8 (727) 272-46-55 (ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail:kazhistory@bk.ru; S.Shildebai@mail.ru

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы. Кіші конферен-зал. Басталуы сағат 10:00.

 

Өтініш:

 

Аты-жөні (толық)__________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Лауазымы: _______________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _____________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________

Автордың адресі:___________________________________________________

Факс, E-mail ______________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________________

 

Ұйымдастыру комитеті