Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Новосибирск қ. Халықаралық конференция


Бүгін 20 ақпанда Новосибирск қаласында РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА Сібір институты басқарма-филиалының базасында «Еуразия кеңістігіндегі ХХ ғасыр және модернизация жобалары: Ресей-Қазақстан диалогы» атты халықаралық конференция өтті. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты ұйымдастырушылардың бірі болды. Институт атынан делегация құрамында директор З.Е. Қабылдинов, жетекші ғылыми қызметкерлер А.И. Құдайбергенова, М.Ш. Қалыбекова, ғалым хатшы М.М. Қозыбаева қатысты. Іс-шара аясында Новосибирск мемлекеттік университетімен ынтымақтастық туралы және Институттың Солтүстік және Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеушілердің Консорциумына кіруі туралы келісімшартқа қол қойылды. Новосибирск облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Новосибирск облысы губернаторының бірінші орынбасары Юрий Федорович Петуховпен кездесу ұйымдастырылды, өзара байланыстың бағыттары талқыланды. Жалпы, ғылыми айналымға құнды архив деректерін енгізу, монографиялар жазу бойынша бірлескен жобалар туралы келісімге қол жеткізілді.