Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Абай Құнанбайұлының тарихи миссиясы» атты дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


2020 ж. 25 ақпанда сағат 10.00-де Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қазақ ойшылы, ағартушы, қазақ жаңа жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай Құнанбайұлының тарихи миссиясы» атты дөңгелек үстел өтеді. Абайдың қазақ тарихында алатын орны ерекше.Оның поэтикалық пішінмен мазмұндалған идеялары мен даналығы, философиялық тұжырымдары қазақ қоғамының дамуында айрықша рөл атқарды. Абай асқан ұлылық биігіне көтеріліп, туған халқының рухани мәдениеті мен ой-санасын жаңа сатыға шығарды, жаңа рухани кеңістік ашып, шындықты көркем бейнелеудің жаңа үлгілерін ойлап тапты. Қазақстанның Ұлы тұлғаларының мерейтойларын атап өту – Қазақстан Республикасының маңызды атрибуты. Аталмыш дөңгелек үстелге  танымал ғалымдар, әдебиетшілер, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Алматы қаласы білім саласының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелдің басты бағыттары:

  1. Абайдың қазақ халқы тарихындағы рөлі;
  2. Абай Құнанбайұлының қазақ поэзиясы мен әдебиетіне сіңірген еңбегі;
  3. Ұлы ойшылдың мұрасы.

Дөңгелек үстел қазақ, орыс тілдерінде өтеді.

Дөңгелек үстелге қатысу: 2020 жылдың 22 ақпанына дейін

Ұйымдастыру комитетімен байланыс: 050010 Алматы қ. Шевченко к-сі, 28-үй. Ш.Ш.УәлихановатындағыТарихжәне этнология институы, ҚР БжҒМҒылымкомитеті; тел.: 8 (727) 272-46-55 (Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail: kazhistory@bk.ru; galia8.09@mail.ru.

Өткізілетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 28-үй, «Ғылым Ордасы» РМҚК. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институы ҚР БжҒМ Ғылым комитеті (2-қатар, 205-А.Нүсіпбеков кабинеті).

Басталу уақыты: 1000

Аты-жөні, тегі __________________________

Ғылыми дәрежесі _______________________

Қызметі:_______________________________

Ұйымның толық атауы:___________________

Байланыс телефоны: _____________________

Автордың адресі:________________________

Факс, E-mail ____________________________

Баяндама тақырыбы: _____________________

Құрметпен,

ұйымдастыру комитеті