Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Фарабитанушы А. Машанидың ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел


2020 ж. 3 наурызда Институтта «Фарабитанушы А. Машанидың ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның қонақтары ретінде «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі және Еуразия ұлттық университетінің профессоры Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы қатысты. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында Институт директоры З.Е. Қабылдинов пен Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.