«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты

ҚР Білім және ғылым министрілігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві бірлесіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастырушылық қолдауымен 2020 жылы 31 наурызда өткізілуі жоспарланған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстан және қазақстандықтар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның өткізілу мерзімі коронавирустың алдын-алу үшін енгізілген шараларға байланысты белгісіз уақытқа кейінге шегеріледі.

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған конференция жинағына өтінім мен мақала қабылдау 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

· Соғыс қарсаңындағы Кеңес Одағы және Қазақстан: соғыс алдындағы жағдай.

· Жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және Қазақстан территориясында әскери құрамалардың жасақталуы.

· Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары: жасақталу тарихы және жауынгерлік жолы.

· Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.

· Эвакуация: көшірілген өнеркәсіп орындары мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.

· Қазақстан – майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы қорғаныс өнеркәсіп орындары.

· Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы майданға көмегі.

· 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.

· Партизан жасақтары мен Қарсыласу қозғалысындағы қазақстандықтар.

· Қазақстандық соғыс тұтқындарының тағдыры және оларды ақтау мәселелері.

· Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.

· Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.

· Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.

· Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.

· Музейлердің Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтаудағы рөлі.

· Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы тарихи жад саясаты.

· Соғыс тарихы жөніндегі жаңа архив деректері мен құжаттары.

 

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін төмендегі форма бойынша өтінім мен баяндама мәтінін жіберуді сұраймыз

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім үлгісі:

Аты-жөні (толық): _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы, академиялық дәрежесі): ___________________________

Лауазымы (Оқуы): _________________________________________________________

Мекеменің толық атауы (оқу орны): ____________________________________________

Байланыс телефондары: ____________________________________________________

E-mail __________________________________________________________________

Баяндама/ мақала тақырыбы: _________________________________________________

 

Қатысуға өтінім 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін s.shildebai@mail.ru немесе aj013@mail.ru электронды пошталары бойынша қабылданады.

 

Конференция қорытындысы бойынша конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда. Мақалаларды 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін s.shildebai@mail.ru немесе aj013@mail.ru электронды пошталарына жіберу қажет.

 

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Көлемі 2 мың сөзден кем емес және 5 мың сөзден аспайтын мақала мәтіні. Мақаланың жоғары оң жақ бұрышында автордың аты-жөні көрсетіледі, бір интервалдан кейін оның аффилиациясы (жұмыс немесе оқу орны көрсетіледі), қаласы мен электронды поштасы, бір интервалдан кейін жол ортасына бас әріппен мақала тақырыбы жазылады. Содан кейін, бір интервал арқылы қысқаша аңдатпа (100 сөзден кем емес) және кілт сөздер (5-тен көп емес) беріледі. Мәтін түзу – ені бойына, сөз тасымалы қажет емес. Мәтін 1 интервал арқылы 12-өлшеммен теріледі, шрифт Times New Roman, мақала соңындағы әдебиеттер тізіміне (әдебиет тізімі әліпбилік тәртіппен беріледі, нүктесіз нөмірленеді) сілтеме мәтін ішінде тік жақшамен пайдаланылған бетін көрсету арқылы (мысалы, [1, 17-б.]).беріледі. Парақтың барлық шектері – 2 см. MS WORD редакторымен орындалған *.doc және *.rtf форматындағы жұмыстар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Суреттер жақсы сапада мәтіннің ішінде тиісті бөлігінде беріліп, оған қысқаша түсініктеме берілуі шарт.

 

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қайтару құқығына ие.

 

Анықтама алу үшін және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 272-46-55 (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі), сондай-ақ +7 (701) 765-27-06 (Whatsapp) – Шілдебай Сәбит Камытбекұлы, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі.

 

Конференцияның өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғ., 39, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ғимараты, 4-қабат, акт залы. Конференцияның басталуы – сағат 11:00.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті