«Академик Кеңес Нұрпейіс және қазақ мемлекеттілігінің жаңғыру тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2020 жылдың 12 наурызында Институт пен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бірлесе отырып көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Нұрпейіс оқулары» аясында «Академик Кеңес Нұрпейіс және қазақ мемлекеттілігінің жаңғыру тарихы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция алдында «Академик Кеңес Нұрпейісұлы атындағы кабинеттің» тұсаукесері өткізілді. К. Нұрпейісұлы кіші ғылыми қызметкерден бастап академик болғанға дейін жұмыс істеген кабинет толық безендіріліп, К.Нұрпейісұлының өмірбаяны мен ғылыми мұрасы, фотоқұжаттары мен марапаттары туралы толық мағлұмат беретін тақталар ілінді. Кабинетті ашу салтанаты мен конференция жұмысына Алматы қаласының жетекші тарихшы ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жас ғалымдар мен студент жастар қатысты.

Конференцияда қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, ақын Н.М.Оразалин, ғылым докторлары – Б.Қалиұлы, Т.О.Омарбеков, А.Т. Капаева, Т.Ә. Төлебаев; ғылым кандидаттары – Е.Т. Берлібаев, Б.О. Қойшыбай, С.Ә. Асанова, Т.Ә. Нұрпейісов сияқты ғалымдар академик К.Нұрпейісұлының өмірі мен қызметі, ғылыми мұрасы туралы баяндама жасаса, Ә.Н. Құдайбергенов, С. Өтениязов, Ф.М. Шамшиденова, С.К. Шілдебай  сияқты ғалымдар жарыссөзге қатысты.