Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Санкт-Петербург қ. ғылыми іссапар жөнінде


2020 жылдың 10-16 наурыз аралығында институттың бас ғылыми қызметкерлері З.Т. Садвокасова мен О.Х. Мухатова “Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті” жобасының “Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс” бағыты бойынша Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты мен Ресей Ұлттық кітапханасында құжаттық материалдарды жинау мақсатында Санкт-Петербург қаласына ғылыми іс-сапарда болды.

Жұмыс нәтижелері:

1. Архив қорларында жаңа материалдар анықталды; бір бөлігінің көшірмелері жасалынды; жеке құжаттар өңделеді.

2. Ресей Ұлттық кітапханасының журнал және газет қорларынан материалдарды іздеу жалғасуда, басқа жобалар бойынша қызықты басылымдар да табылуда.

3. Ресей мемлекеттік тарихи архивінің директорының орынбасары (директоры еңбек демалысында болуына байланысты) Евгений Михайлович Милетинмен ынтымақтастық мәселесі бойынша кездесу өтті.

4. Тарих және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессор Алексей Васильевич Воронцовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.