«Ұлы Даланың тарихи-мәдени кеңістігіндегі Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) маңыздылығы мен рөлі» конференциясының ақпараттық хаты

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Сіздерді Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Даланың тарихи-мәдени кеңістігіндегі Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) маңыздылығы мен рөлі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясына қатысуға шақырады.

Осы іс-шара Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының базасында 2020 жылғы 28 мамырда сағат 11.00-де Zoom бағдарламасы негізінде онлайн форматында өткізіледі.

Жошы Ұлысы Еуразиядағы көптеген халықтардың мемлекеттілігінің бесігі болып табылады. Оның маңыздылығы барлық Еуразия халықтары үшін ортақ тарихи өткенге негізделіп қоймай, сонымен бірге қазіргі уақытта байқалатын интеграциялық тенденцияларға да байланысты. Жошы Ұлысының 750 жылдық мерейтойын атап өту – еліміздің тарихи өткенін қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік міндеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жошы Ұлысының негізінде қалыптасқан біртұтас тарихи және мәдени кеңістік алдыңғы қатарлы әкімшілік басқару дағдыларын, салық жүйесін, сондай-ақ қала құрылысы тәжірибесін таратуда алдыңғы қатарда болды. Жошы Ұлысы тұсындағы еуразиялық кеңістіктегі өзгерістер Еуразия халықтарының бай мәдени мұрасында сақталды және бірқатар мәдениеттердің пайда болуына, соның ішінде қазақ мәдени мұрасының қалыптасуынада ықпал етті. Дәл осы Ұлы дала елі ғасырлар бойы Алтын Орда өркениетінің дәстүрлері мен құбылыстарының сақтаушысы болды.

Конференцияның мақсаты–Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей мұрагерлік тарихы мен байланысын ғылыми тұрғыдан түсіну.

Конференцияның негізгі бағыттары:

• Жошы Ұлысы және Қазақ хандығының саяси тарихы мен сабақтастығы;

• Алтын Орда тарихындағы урбанизация және көшпелілік;

• Алтын Орда тарихыныңтарихнамасыжәне деректанулық мәселелері;

• Алтын Орда өркениеті: зерттеулердің негізгі әдістері;

• Алтын Орда өркениетінің Еуразия тарихындағы орны.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция (идентификатор: 837 4771 1800, пароль: 471993)

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 15мм. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

  Өтінімдер мен материалдар электронды нұсқада e-mail арқылы жіберіледі: kazhistory@bk.ru, e81g@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010 Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ, тел. 8727-261-67-19, моб. тел. 8778-493-62-51 – Ужкенов Ернар Муратович, Қазақстан мен іргелес елдердің ежелгі және ортағасыр тарихы бөлімінің меңгерушісі.

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті