Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті

2020 ж. 28 мамырда Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Даланың тарихи-мәдени кеңістігіндегі Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) маңыздылығы мен рөлі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты және Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты болды.

Жошы Ұлысы Еуразиядағы көптеген халықтардың мемлекеттілігінің бесігі болып табылады. Оның маңыздылығы барлық Еуразия халықтары үшін ортақ тарихи өткенге негізделіп қоймай, сонымен бірге қазіргі уақытта байқалатын интеграциялық тенденцияларға да байланысты. Жошы Ұлысының 750 жылдық мерейтойын атап өту – еліміздің тарихи өткенін қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік міндеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Құттықтау сөздерін – ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Ж. Жұрынов, «Мемлекеттік мұражай» «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» РМҚК бастығы О.О. Сүлейменов, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ә. Дербісәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков, ҚР БҒМ ҒМ Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Б.Г. Аяған айтты. Модератор ретінде Ш.Ш. Уәлихинов ат. Тарих және этнология институтының директоры, профессор З.Е. Қабылдинов болды.

Конференция барысында атақты ғалымдар, Алтын Орда кезеңі бойынша зерттеушілер қызықты баяндамалар жасады: Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі, Висконсин-Мэдисон университетінің құрметті профессоры Ю. Шамильоглу; қытайтанушы, профессор К.Ш. Хафизова; Ресей ғылым академиясының шығыстану Институтының Шығыстану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, профессор А.Ш. Қадырбаев; Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі М.Х. Әбусейітова; ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, профессор М.Т. Лаумулин; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Б.Б. Кәрібаев; Термез мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Дж. Мирзаев; М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры М.Н. Сдыков; Сарайшық тарих және мәдениет музейінің директоры Ә.Қ. Мұхтаров; Воронеж мемлекеттік университетінің доценті Ю.П. Селезнев; Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері, профессор А.Қ. Кушкумбаев; Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі, профессор Е.А. Әбіл; «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ вице-президенті, PhD докторы Ж.М. Сәбитов; Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, профессор О.Х. Мұхатова; Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, профессор А.У. Тоқтабай; Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі Е.М. Үжкенов.

Іс-шараның қорытындылары бойынша ұйымдастырушылар мен қатысушылар осы бағыттағы ары қарай жұмыстың негізгі бағыттары анықталған қарарды бірауыздан қабылдады: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Алтын Орданың рөлі туралы тұжырымдаманы әзірлеу, Алтын Орда бойынша ғылыми және оқу орындарынан, соның ішінде шет елдерден мамандарды тарта отырып, монографиялар мен құжаттар жинағын басып шығару, гуманитарлық бейіндегі ҒЗИ және ҚР жоғары оқу орындарының басшыларына – Алтын Орда бойынша мамандарды даярлауға ерекше назар аударуды ұсыну, ҚР БҒМ Ғылым комитетіне Алтын Орда тарихы мен мәдениетін зерттеуге байланысты журнал ашуға көмек көрсетулері үшін жүгіну.