Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясының ақпараттық хаты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2020 жылы 25 маусымда сағат 11:00-де атақты ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция (идентификатор: 891 3799 4108, пароль: 862071)

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы, ХІХ ғасырдың белгілі ағартушысы, этнограф, фольклорист. Оның есімі қазақ халқының мәдени және ғылыми жетістіктерінің көрінісі болып табылады. Ұлы ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасы қазіргі Тәуелсіз Қазақстан жағдайында өзектілігін сақтауды жалғастыруда. ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің көрнекті өкілі, көптеген ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізген Ш.Ш.Уәлихановтың 185 жылдық мерейтойын атап өту – ХХІ ғасыр ұрпақтарының ғылыми жетістіктерінің өзіндік қорытындысы болмақ. Оның ғылымның дамуына қосқан құнды үлесі және бай тарихи-мәдени мұрасы адамзат игілігіне қызмет етуде.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Ұлы даланың ұлы есімдерін зерттеу аясындағы Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі;

– Еуразиялық аймақтағы Ш.Ш. Уәлиханов мұраларының зерттелу мәселесі;

– Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ даласын отарлаудың ерекшеліктері, Қазақстанның XVIII–XIX ғғ. көршілес мемлекеттермен экономикалық және мәдени байланыстары (Қытай, Ресей, Иран және т.б.) туралы ойлары;

–                         Ш.Ш. Уәлихановтың этнографиялық мұрасы және отаршылдық жағдайдағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті;

– Ш.Ш. Уәлихановтың қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі, Қазақстан тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі мен орны;

– Ш.Ш. Уәлихановтың көркем өнер саласындағы қызметі;

– Қазақстандағы ағартушылық қозғалыс және оның өкілдері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Конференцияның өтетін уақыты: 2020 ж., 25 маусым, сағ. 11:00

Қатысу үшін өтінімдерді 20 маусымға дейін электронды нұсқада tazshaboy@mail.ru немесе tazshaboy@gmail.com электронды пошталарына жолдау керек.

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған конференция жинағына мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 1 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақаланың көлемі – 10-12 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Мәтін шрифті «Times New Roman» – 12. Аралық интервал – 1; абзац – 1 см. Шектері: жоғарғы мен төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5. Автордың аты-жөні мен жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақта, интервал арқылы төмеңде ортада жазба әріптермен мақала атауы көрсетіледі. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 65-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, ғылыми қызметкер Лебаев Фархат Рашидұлы +7 707 71 777 31.

 Құрметпен, ұйыдастыру комитеті

                                                                    ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ 

1

Тегі, аты-жөні (толық)  

2

Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)  

3

Ғылыми атағы мен дәрежесі  

4

Байланыс телефоны және мекен-жайы  

5

E-mail  

6

Бағыты  

7

Баяндама тақырыбы