Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«XVIII ғ. – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының пікірталас мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


 Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылғы 23 маусымда сағат 11.00-де «XVIII ғ. – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс тарихының пікірталас мәселелері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шара мақсаты – «Ұлы Дала Еліндегі XVIII ғ. – XX ғасырдың бас кезіндегі ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту ауқымында азаттық қозғалыстар тарихын зерттеудегі пікірталас мәселелерін анықтау.

Дөңгелек үстелде талқыланатын мәселелер:

  • Ø Ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеудің теориялық-методологиялық бағыттары;
  • Ø Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы азаттық күресі тарихын зерделеудің терминологиялық негіздеріне жаңа көзқарас
  • Ø Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихын зерттеудің қазіргі заманғы бағыттары;
  • Ø Тың және аз зерттелген деректерді талдау және ғылыми айналымға енгізу мәселелері;

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Іс-шараға сондай-ақ онлайн-режимде Zoom платформасы негізінде қатысуға болады (идентификатор: 862 7172 3932, пароль: 430544)

 

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2020 жылдың 15 маусымына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, 308-бөлме, Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімі, ғылыми қызметкер, e-mail.: edu-e-history@bk.ru; aina__78@mail.ru

Байланыс телефондары мен факс: тел.: +7(727) 261-67-19, 272-47-59; факс: +7(727) 261-67-19

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары жіберуші ұйым тарапынан.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: __________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы____________________________________________________

Кілт сөздері______________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

 

Өтетін орны: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, 2-қабат, 205-бөлме.

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы – сағ. 11:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 10:30

Байланыс телефоны: +7(727) 261-67-19, 272-47-59; факс: +7(727) 261-67-19

Email: edu-e-history@bk.ru; aina__78@mail.ru