Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты


2020 жылдың 28 тамызы сағат 11:00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» РКФСР БОАК пен ХКК декретінің (1920 жылы 26 тамыз) қабылдануы мен Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына (1920 жыл 6 қазан) 100 жыл толуына орай «Кеңестік Қазақ автономиясының құрылуы – Ұлы даладағы мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрдің жаңғыруы» атты халықаралалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Осы іс-шара Zoom бағдарламасы негізінде онлайн форматында өткізіледі (ID: 815 2611 2174, пароль: 033568)

Конференция мақсаты – Ұлы дала төсінде мыңжылдық мемлекеттік дәстүрі болған қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы болып табылатын кеңестік Қазақ республикасының құрылу тарихы мен ұлттық автономия құруға қатысты қазақ қайраткерлерінің қоғамдық-саяси көзқарастарындағы қайшылықтар мен әртүрлі бағыттарды ғылыми тұрғыдан тағы бір саралап, ұлт қайраткерлерінің осы жолдағы саяси күресі мен бүгінгі таңдағы тұлғатануға объективті тарихи баға беру болып табылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту бағыттары: Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі;

– Қазревкомның құрылуы мен қызметі;

– 1920 жылғы тамыздағы Қазревком делегациясының Қазақ автономиясының территориясын қалыптастыру мен шегараны айқындау жолындағы жұмыстары;

– Қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы: Кеңестік қазақ автономиясын құру туралы декрет және оны іске асырудағы қиындықтар;

– Большевиктердің ұлт мәселесі жөніндегі бағдарламасы: теориясы және Қазақстандағы тарихи тәжірибесі;

– Қазақ АКСР-ның құрылуы мен қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күрес тарихы;

– Орынбор қаласы – ҚАКСР-ның тұңғыш әкімшілік-саяси орталығы;

– Кеңестік Түркістанды ұлттық территориялық бірліктерге бөлшектеу және қазақ жері біртұтастығының қалыптасуы;

– Қазақ қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілік жолындағы жанкешті күресі және Орталықтың отарлық саясаты;

– Тәуелсіз Қазақстандағы тұлғатану және тарихи танымдағы қайшылықтар;

– 1917-1936 жылдардағы қазақ қайраткерлерінің қызметіне тарихи баға беру мәселелері.

Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі 5 беттен 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияның мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы және байланыс телефондары:

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты; 8 (727) 272-46-55 (ХХ ғ. Қазақстан тарихы бөлімі); е-mail: kazhistory@bk.ru; s.shildebai@mail.ru

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы, 2-қабат, академик А. Нүсіпбеков ат. Ғылыми кеңес бөлмесі (205 каб.), Басталуы сағат 11:00.

Аты-жөні (толық)___________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ____________________________________

Лауазымы: ________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _____________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________________

Автордың адресі:___________________________________________________

Факс, E-mail _______________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:________________________________

 

Құрметпен, Ұйымдастыру  комитеті