Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Автономияға ұмтылыс: Ұлттық қозғалыс және кеңестік декрет


Биыл кеңестік Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толды. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада РКФСР БОАК пен ХКК-нің «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» декреті қабылданған 26 тамызды немесе ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі ашылған 4 қазанды республиканың құрылған уақыты ретінде қарастыру орын алды. Біз бұл екі датаны да қате деп есептейміз. Негізі, 1920 жылы 6 қазан күні ҚАКСР Кеңестері Құрылтай съезінің кешкі мәжілісінде «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясы» атты бірінші Конституциялық құжат қабылданып, съезд ҚАКСР-ды жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің республикасы деп жариялады. Кеңестік Қазақ автономиясы – байырғы қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіруге тарихи негіз болды.

Тарихшы С.Шілдебай сілтемеде көрсетілген мақаласында осы мәселелерге тоқталып, ғылыми талдау жасайды.

https://egemen.kz/article/246430-avtonomiyagha-umtylys-ulttyq-qozghalys-dgane-kenhestik-dekret