Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТА ЗАҢЫ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ» АТТЫ ОНЛАЙН-ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ БАСПАСӨЗ БАЯНЫ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 29 тамызында ҚР Конституциясы күніне орай «Қазақстан Республикасының Ата Заңы: тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі» атты онлайн-дөңгелек үстел өткізеді. ҚР Конституциясы жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ата Заңымыз 9 тарау және 98 баптан тұрады. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және кейінірек 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды.

Іс-шара барысында 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданып, ал 1995 жылы Ата Заңымыз қайта қабылдануының негізгі себептері заманауи пайымдау мәселелері мен басымдылық факторлары айқындалады.

Ұйымдастырушылар: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты.

Координатор: З.Е. Қабылдинов – т.ғ.д., Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының директоры.

Қатысушылар: ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, БАҚ, магистранттар мен докторанттар.

Іс-шараны өткізу тілі: қазақ.

Өтетін күні мен уақыты: 2020 ж. 28 тамыз басталуы сағ. 11.00.

Өтетін орны: «Ғылым ордасы», Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Алматы қ., Шевченко көш, 28, 2 этаж, 205 ауд. Zoom арқылы: https://us02web.zoom.us/j/86492274183?pwd=OFdBZVZ1NUQ0YkxScmdFTGlLZHN1Zz09

Идентификаторы: 864 9227 4183, Коды: 775736

 

 

Ұйымдастыру комитеті