«Кеңестік Қазақ автономиясының құрылуы – Ұлы даладағы мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрдің жаңғыруы» атты халықаралық конференциясы өтті

2020 жылдың 28 тамызы күні Институтта «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы» РКФСР БОАК пен ХКК декретінің (1920 жылы 26 тамыз) қабылдануы мен Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына (1920 жыл 6 қазан) 100 жыл толуына орай «Кеңестік Қазақ автономиясының құрылуы – Ұлы даладағы мыңжылдық мемлекеттілік дәстүрдің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Zoom бағдарламасы негізінде онлайн форматында өткізілді.

Конференция мақсаты – Ұлы дала төсінде мыңжылдық мемлекеттік дәстүрі болған қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы болып табылатын кеңестік Қазақ республикасының құрылу тарихы мен ұлттық автономия құруға қатысты қазақ қайраткерлерінің қоғамдық-саяси көзқарастарындағы қайшылықтар мен әртүрлі бағыттарды ғылыми тұрғыдан тағы бір саралап, ұлт қайраткерлерінің осы жолдағы саяси күресі мен бүгінгі таңдағы тұлғатануға объективті тарихи баға беру болған еді.

Іс-шара барысында институттың директоры З.Е. Қабылдинов кіріспе сөз сөйлеп ашқаннан кейін, Ж.Д. Құрманғалиева (ҚР БжҒМ ҒК төрағасы), М.Бақтиярұлы (ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы) және А.Т. Перуашевтардың (ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі) құттықтау хаттары оқылса, М.З. Молдахметов (ҚР ҰҒА вице президенті, ҚР ҰҒА академигі), В.М. Рынков (РҒА Сібір бөлімі Тарих институтының директоры, т.ғ.к.) пен Т.А. Абдрахмановтар (И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор) Қазақ АКСР-ның 100 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, конференцияның тарихи маңызын атап көрсетті.

Конференция жұмысы барысында профессор Т.О. Омарбеков (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы) «Қазақ автономиясының теориялық мәселелері» атты тақырып бойынша баяндама жасап, бүгінгі таңда қалыптасқан қате тұжырымдарға тоқталып, Қазақ автономиясы тарихын зерттеуде назар аударатын өзекті мәселелерге ерекше тоқталды. Ал профессор З.К. Курманов (Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академияның проректоры, тарих ғылымдарының докторы) «ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қырғыз және қазақ саяси элитасының ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту жолындағы күресі» атты тақырып бойынша баяндама жасап, Орталық пен аймақ арасында болған ұлт мәселесі және оның шешілу жолдарына қатысты күрес тарихына шолу жасады.

Ал ҚР БжҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Әбіл «Қазақстан автономиясы үшін күрес: тарихы және оның қазіргі саясатта қолданылуы» деген тақырып бойынша баяндама жасаса, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.К. Раджабов «Түркістан АКСР-і мен Қырғыз (Қазақ) АКСР-і қатынасы (1920-1924)» атты тақырыпқа баяндама жасап, екі автономия арасындағы байланыстарға кеңінен тоқталды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Д.Қамзабекұлы университет ректоры Е. Сыдықовтың ыстық сәлемін конференция қатысушыларына жеткізді. Содан кейін «Смағұл Садуақасұлы – Қазақ автономиялық республикасының көрнекті қайраткері» атты тақырыпта баяндама жасап, жалынды қайраткер С.Садуақасұлының тарихи рөлі мен оның өмірі мен қызметіне қатысты фотоларды көрсетті. Ал Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Е. Қалиұлы «Қазақстандағы «жоғарыдан төменге» принципі бойынша автономияландыру» атты тақырып бойынша баяндама жасап, ҚАКСР билік орындарының Орталықтың қаулы-қарарлары мен бұйрықтарын мүлтіксіз орындауға тиіс болғанын ашып берді.

Осы конференцияны ұйымдастырып отырған Тарих және этнология институтының Бас ғылыми қызметкері тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.С. Алдажұманов «Қазақ Кеңес автономиясының құрылуы – қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру сатысы» атты тақырып бойынша баяндама жасап, бүгінгі таңда ҚАКСР-ын құру мен оның шегарасын қалыптастырудағы Алашорда мүшелері Ә.Бөкейханның, Ә.Ермековтың «жеке тарихи еңбегі» туралы мифтерді көрсете отырып, мәселені әлі де жан-жақты саралап, тереңдете зерттеу қажеттігіне тоқталды. Ал осы институттың бөлім меңгерушісі, т.ғ.к. С.Қ. Шілдебай «ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі: автономияны жариялау және оның бүгінгі таңдағы тарихнамалық мәселелері» деген тақырып бойынша баяндама жасап, ҚАКСР-ның құрылған күнін 26 тамызда немесе 4 қазанда атап өтудің қалай қалыптасқаны мен оның қателігі туралы айта отырып, ҚАКСР-ның құрылған күні 6 қазан екенін атап көрсетті. «Себебі, дәл осы күні ҚАКСР Кеңестері Құрылтай съезінің кешкі мәжілісінде 2 «қарсы» және 5 «қалыс» дауыспен «ҚАКСР еңбекшілері құқығының декларациясы» атты бірінші Конституциялық құжат қабылданып, съезд ҚАКСР-ды жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің республикасы деп жариялады. Кеңестік Қазақ автономиясы – байырғы қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіруге тарихи негіз болды. Сондықтан, жыл сайын 6 қазанда ҚАКСР-ның құрылған күнін атап өтсек дұрыс болар еді», – деп атап көрсетті С.Қ. Шілдебай.

|Конференция соңында институт директоры З.Е. Қабылдинов конферанция жұмысын қорытындылап, қатысушыларға рахмет айтқан соң, конференция қарары оқылды.

Проведение международной конференции «Создание советской казахской автономии – возрождение тысячелетней традиции государственности в Великой степи»

 

28 августа 2020 года вИнститутебыла проведена Международная научно-практическая конференция на тему: «Создание советской казахской автономии – возрождение тысячелетней традиции государственности в Великой степи», посвященная принятию ВЦИК и СНК РСФСР Декрета «Об образовании Киргизской (Казахской) Автономной Советской Социалистической Республики» (26 августа 1920 года) и 100-летию образования Кыргызской (Казахской) Автономной Советской Социалистической Республики (6 октября 1920 года).

Цель конференции – проанализировать противоречия и различные взгляды на историю Советской Казахской Республики и создание национальной автономии, что является возрождением казахской государственности в самом сердце Великой степи, дать объективную историческую оценку политической борьбы национальных лидеров в этом направлении с позиции современных реалий.

На мероприятии со вступительным словом выступил директор Института, профессор З.Е. Кабульдинов, который отметил важность изучения истории казахской автономии в контексте тысячелетней традиции государственности в Великой степи.  С приветственными словами выступили вице-президент НАН РК, академик НАН РКМ.З. Молдахметов, директор Института истории Сибирского отдела РАН, кандидат исторических наук В.М. Рынков, ректор Кыргызского государственного университета им. И. Арабаева, доктор исторических наук, профессор Т.А. Абдрахманов, был зачитан приветственный адрес члена комитета по экономической реформе и региональному развитию Мажилиса Парламента РК А.Т. Перуашева. Спикеры поздравили со 100-летним юбилеем Казахской АССР, отметили историческую значимость конференции.

В ходе работы конференции директор Центра по изучению традиционных цивилизаций в Центральной Азии Казахского национального университета им. аль-Фараби, доктор исторических наук, профессор Т.О. Омарбеков выступил с докладом на тему «Теоретические проблемы казахской автономии», остановился на актуальных проблемах изучения истории казахской автономии. Проректор Дипломатической академии Министерства иностранных дел Кыргызской Республики, доктор исторических наук, профессор К.К. Курманов выступил с докладом на тему «Борьба кыргизской и казахской политической элиты 20–30-х годов ХХ века на пути модернизации национальной государственности», в котором рассказал об истории борьбы между центром и регионами по проблемам национальной государственности.

Директор Института истории государства КН МОН РК, доктор исторических наук, профессор Е.А. Әбіл выступил с докладом на тему «Борьба за автономию Казахстана: история и ее применение в современной политике». Ведущий научный сотрудник Института истории Академии Наук Республики Узбекистан, доктор исторических наук, профессор К.К. Раджабов выступил с докладом на тему «соотношение Туркестанской АССР и Киргизской (Казахской) АССР (1920-1924)», в котором подробно остановился на взаимосвязях между двумя автономиями.

Проректор Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева, доктор филологических наук, профессор, академик НАН РК Д. Камзабекулы выступил с докладом «Смагул Садвакасов – выдающийся деятель Казахской Автономной Республики», а также продемонстрировал фотографии, касающиеся его жизни и деятельности. Главный научный сотрудник Института истории государства, кандидат юридических наук, профессор Е.К. Нурпеисов выступил с докладом на тему «Автономизация в Казахстане по принципу «сверху вниз» и отметил необходимость неукоснительного выполнения указаний и приказов центра властями Казахской АССР.

Главный научный сотрудник Института, кандидат исторических наук, профессор К.С. Алдажуманов выступил с докладом на тему «Образование Казахской Советской автономии – стадия восстановления казахской государственности», в котором подчеркнул необходимость всестороннего анализа и углубленного изучения вопроса. Заведующий отделом истории Казахстана ХХ века, к.и.н. С.К. Шілдебай выступил с докладом на тему «Учредительный съезд Советов КазАССР: провозглашение автономии и ее современные историографические проблемы». Говоря об определении дня создания КАССР 26 августа или 4 октября, он отметил, что датой создания КАССР является 6 октября, потому что именно в этот день на заседании Учредительного съезда Советов КАССР был принят первый конституционный документ «Декларация прав трудящихся КАССР», которая закрепила создание Казахской АССР как республики Советов рабочих, трудового казахского народа, крестьянских, казачьих, красноармейских депутатов. Поэтому было бы целесообразно ежегодно 6 октября отмечать День создания Казахской АССР.