Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстан Республикасының Ата Заңы: тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел


29 тамызда Институтта Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Ата Заңы: тұрақтылық пен бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстелдің онлайн-отырысы өтті. Іс-шараның модераторы ретінде Институт директоры З.Е. Қабылдинов 1995 жылы елдің Негізгі заңының қабылдануы тәуелсіз демократиялық мемлекет құруда маңызды тарихи мәнге ие болғанын атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Конституциясын әзірлеушілердің бірі – Нұрпейісов Еркеш Қалиұлы – ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, Қазақ мемлекеттік заң институтының бірінші құрметті ректоры қатысты. Әр уақытта ол ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің және Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды. Өз сөзінде ол 1995 жылғы Конституцияны қабылдауға Жоғарғы Кеңес пен Президент ұсынған биліктің қалыптасқан дуализмі себеп болғанын, ол реформаларды тежеуге және нарықтық экономикаға өтуге әкеп соққанын, бұл десоветизация процестерін жүргізуді қажет еткенін атап өтті. Әзірлеушілердің алдына Конституция заманауи болуы, артта қалмауы және шындықтан озуы міндеті қойылды. Конституция құқықтық мемлекет құруға, нарықтық экономикаға, кәсіпкерлік еркіндігіне серпін берді. Оның негізгі ережелері «кез – келген қоғамның қаңқасын-халықтың өзін, мемлекетті, адамды» дамытуға бағытталған. Өз кезегінде, Конституцияға кейіннен өзгерістер енгізу оның дамуын және қоғамдағы өзгерістерді көрсетеді. Спикер атап өткендей, Конституцияны дамытуға оның бастамашысы және оның негізінде құқықтық мемлекет пен адам құқығын бөлген автор – Елбасы Н.Ә. Назарбаев үлкен үлес қосты.

Әрине, Қазақстандағы конституциялық идеялардың терең тарихи бастауы бар. Институттың бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. О.Х. Мұхатова ұлттық интеллигенцияның, атап айтқанда Барлыбек Сыртановтың еңбектеріндегі Конституциялық идеяларға назар аударды. Спикер Б.Сыртановтың заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің үштұғырлығы, парламентаризм, президенттік билік туралы, мемлекеттің негізі ретіндегі жердің құндылығы туралы көптеген идеялары оның қазақ Конституциясының бірінші жобасы – ХХ ғасырдың басындағы «Қазақ елі» Жарғысында қаланғанын және Алаш партиясы бағдарламасының және Қазақстанның басқа да конституциялық құжаттарының негізін қалағанын атап өтті. Дөңгелек үстелге ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жас зерттеушілер қатысты. Іс-шара пікірталас және одан әрі ынтымақтастық туралы ұсыныстармен жалғасты.

https://vechastana.kz/suverennyj-kazahstan-konstituciya-1995/