Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан өткеннен бүгінге дейін: тарихи дамудың мәселелері мен сабақтары


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР орталық мемлекеттік мұражайы бірлесе отырып «Қазақстан өткеннен бүгінге дейін: тарихи дамудың мәселелері мен сабақтары» атты Қаз КСР ҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д. профессор Г.Ф. Дахшлейгердің 90-жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1 секция – «Қазақстанның тарих ғылымының жағдайы: зерттеулердің тұжырымдық тәсілдері мен даму келешегі».
2 секция – «Г.Ф. Дахшлейгердің ғылыми мұрасы: дәстүрлері мен ғылыми жаңалықтарының өлшемі».
3 секция – «Қазақстан және әлемдік қауымдастық: ұлттық тәуелсіздік пен геосаяси векторы»

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс.
Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш ұйымдастыру комитеті мекен-жайына (Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29. ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) 2009 жылдың 30 қазанына дейін жіберуге болады. Өтінішке қойылатын талаптар: аты-жөні, тегі, баяндама мәтіні мен тақырыбы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы, байланыс телефондары (тел., е-mail).
Баяндама мәтіні, талаптарға сай безендіріліп (көлемі 6-8 бет, шрифті – Times New Roman, кегль – 14, жол көлемі – 2,5 см, баяндама тақырыбы – жазбаша, файл аты – латын әріптерімен, автордың тегіне сай келуі керек), ұйымдастырушылардың электрондық байланыс желісіне kazhistory@bk.ru. 261-17-58 ж.т. Бекназаров Р.А. жіберуге болады.