Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейін: мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығы мәселелері» атты Республикалық конференцияның ақпараттық хаты


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен 2020 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда) 750 жылдығына арналған «Алтын Ордадан Қазақ хандығына дейін: мемлекеттілік дәстүрлерінің сабақтастығы мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізеді.

Іс-шара онлайн-режимде Zoom платформасы негізінде өтеді(идентификатор: 853 6764 6875, пароль: 011588).

Конференция жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда)  750 жылдығын мерекелеу туралы тарихи шешімі Қазақстан азаматтарының санасы мен ұлттық бірегейлігін қалыптастыруда маңызды мәдени-өркениеттік маңызды екені белгілі. Алтын Орда жерінің басым бөлігі қазіргі Қазақстан аумағына мирасқа қалды. Алтын Орда әскерінің негізгі бөлігі кейінірек қазақ халқының құрамына кірген түрік тайпаларынан тұрды. Осы кезеңдегі билеушілердің көбі біздің еліміздің аумағында жерленген,Жошы хан мазары да еліміздің орталығында жатыр. Сарайшықта Алтын Орда мен Қазақ хандығының бірқатар хандары мен сұлтандары жерленген. Шыңғыс ұрпақтары Ұлы дала аумағын ұзақ уақытбиледі. Жошы хан ұрпақтары Еуразияныңорталық территорияларында көп таралған. Осыдан 750 жыл бұрын қазіргі Қазақстан аумағында Талас өзенінің жағасында Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарынан шыққан Шыңғыс ұрпақтарының, түрік-моңғол ақсүйектерінің ірі құрылтайы өтті, онда осы ұлыс билеушілері барлық моңғол иеліктерініңұлы қағаныҚұбылайдан тәуелсіздік алды.

Алтын Орда ұлттық тарихымызбен тікелей байланысты: ол Қазақстан аумағында пайда болып жалғасын тапқан мемлекеттіліктің мыңжылдық дәстүрінің негізіне айналды. Қазақ хандары – Алтын Орда деп аталатын Еуразиялық державаны құрған Жошы ханның тікелей ұрпақтары. Дәл осы қазақ даласы ғасырлар бойы Алтын Орда мемлекеттілігі мен өркениетінің дәстүрлерін сақтап келді. Қазақстан аумағында мемлекеттілікті қалыптастырған Шыңғыс ұрпақтарыдинастиясының тарихы Еуразия халықтарының тағдыры мен рөлін айқындап берді.

Конференция барысында кейінгі Отан және әлем тарихыныңорта ғасырлар кезеңіндегі «ақтаңдақтарды»қалпына келтіруде  іргелі сипат алатын маңызды теориялық және практикалық мәселелер талқыланады.

Конференцияның негізгі мақсаты – Алтын Орда мен Қазақ хандығының тікелей сабақтастығы мен өзара байланысының тарихын ғылыми тұрғыдан ұғыну.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ұлық Ұлыс: тарих және тарихи жад;
  • Алтын Орда тарихы: деректану және тарихнама;
  • Алтын Орда өркениеті: зерттеудің негізгі тұрғылары (зерттеу әдістері және методологиясы);
  • Қазақстандағы Алтын Орда дәуірінің қалалары мен материалдық ескерткіштері;
  • Ұлық Ұлыстың әлеуметтік-экономикалық тарихы;
  • Қазақ хандығы және Шыңғыс ұрпақтары әулеті;
  • Ұлық Ұлыс пен Қазақ хандығы әлемдік тарих контексінде және т. б.

Конференция қорытындысы бойынша конференция мақалаларының электронды жинағын шығару жоспарланып отыр.

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар: Microsoft Word редакторындағы көлемі 10 бетке дейін, Times New Roman шрифті, кегль 14, жоларалық интервал – бір; абзац – 15 мм, абзац шегінісі автоматты түрде беріледі; жиектер: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм; автордың аты – жөні, ұйымның атауы – оң жақ бұрышта; баяндама атауы бас әріптермен төменде ортасында, қала, ел бойынша орналастырылады. Ғылыми деректерге сілтемелерді мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес реттік нөмірмен (мысалы, [1, 17-б.]) төртбұрышты жақшада көрсету керек.Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауғақұқылы.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция жинағына өтінімдер мен мақалалар 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін созылады және e81g@mail.ru эл-поштасына қабылданады

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Аты-жөні   _______________________________________________

Ғылыми атақ-дәрежесі_______________________________________

Лауазымы________________________________________________

Ұйым аты(оқу орны)_________________________________________
Байланыс телефоны_________________________________________

E-mail___________________________________________________

Баяндама тақырыбы_________________________________________

Анықтама және қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады:+7 (778) 493-62-51 (Whatsapp) – Ужкенов Ернар Мұратұлы, ТЭИ ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімініңмеңгерушісі.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті