Дөңгелек үстел бойынша ақпараттық хат

2020 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «ҚАЗАҚТАРДЫҢ XVIII – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СУБЭТНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқылауға ұсынылады:

  • Ø Қазақтардың құрамындағы субэтникалық топтарды зерттегенде әдіснамалық тәсілдердің ерекшеліктері;
  • Ø Қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтардың классификациясы
  • Ø Әлеуметтік, тарихи, экономикалық, саяси факторлардың субэтникалық топтардың қалыптасуындағы орны;
  • Ø Субэтникалық, этнографиялық және басқа топтардың ерекшеліктері;
  • Ø Ресей империясы халықтарының құрамындағы субэтникалық топтардың тарихи-құқықтық мәртебесі.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Іс-шара онлайн режимінде Zoom бағдарламасының платформасында өткізіледі (идентификатор: 813 4944 4048, пароль: 844943)

Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2020 жылғы 13 қыркүйекке дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, 304-бөлме, этнология және антропология бөлімі, Смагулов Болат Кудайбергенович, ғылыми қызметкер, доцент, т.ғ.к., e-mail.: kazhistory@bk.ru.

Байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, 261-01-33, факс.: +7(727) 261-67-19

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары – жіберуші ұйымның есебінен.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: ________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы____________________________________________________

Кілт сөздері_____________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

Өтетін орны: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, 2-қабат, 205-бөлме (Академик Ақай Нүсіпбеков атындағы Ғылыми кеңес бөлмесі).

Дөңгелек үстел жұмысының басталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 09:30

Байланыс телефоны: +7(727) 261-67-19, 261-01-33; факс: +7(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті