Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақтардың XVIII – XX ғасырдың басындағы субэтникалық және этнографиялық топтары» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел


2020 жылғы 15 қыркүйекте Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақтардың XVIII – XX ғасырдың басындағы субэтникалық және этнографиялық топтары» атты тақырыпта Республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырды

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі этникалық қауымдастықтарды ассимиляциялау және аккультурациялау тетіктері мен факторларын анықтап, XVIII – XIX ғасырлардағы қазақтардың этникалық тарихының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Қазақ халқының этникалық құрамы оның этногенезі мен этникалық тарихына Еуразия кеңістігнің әртүрлі халықтарының (қырғыздар, башқұрттар, қалмақтар, өзбектер, түрікмендер және т.б.) қатысқандарын көрсетеді. XVIII – XIX ғасырларда Еуразия халықтарының жекелеген топтары өзінің шығу тегіне қатысты тарихи зердесін сақтай отырып, қазақ этносына сіңіп кетті. Осы мәселе Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамаларынан көрініс тапты.

Институт директоры, проф,. т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов осы ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында ұжымдық монография шығатынын айтып, монографияның жалпы тұжырымдамалық негізін жасаудың маңыздылығын атап өтті. Проф., т.ғ.д. А. Қалыш биліктің революцияға дейінгі кезеңдегі қазақ халқының кейбір жекелеген топтарына деген саясатын ескеру керек екеніне назар аударды. Проф., т.ғ.д. А. Исин (Семей қ.) өзінің баяндамасында ноғай қазақ тобының қалыптасуына ықпал еткен этносаяси оқиғаларды көрсетті, ал проф., т.ғ.д. Б. Қалшабаева құрама тобының тарихи тағдырындағы Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы мемлекеттік шекара факторын атап өтті. Доц., т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаеваның баяндамасында 2019 жылы Батыс Қазақстанда жүргізілген этнографиялық жұмыстардың негізгі нәтижелерін көрсетті. Проф., т.ғ.д. Х. Тұрсұн (Түркістан қ.) қазақ халқының құрамындағы төлеңгіт тобынның шығу тегі мен құрамына қатысты қызықты баяндама жасады. Доц.,т.ғ.к. Б.К. Смагулов баяндамасында қазақтардың кейбір топтпрының Қазақстан аумағы бойынша қоныстануының негізгі ерекшеліктерін айтып шықты, ал т.ғ.к. Т.А. Рыскулов өте маңызды тарихи оқиғалар болып жатқан кездегі тарихи жағдайды айқындады.

Жалпы алғанда, дөңгелек үстел зерттеушілердің бұдан әрі шешулері қажет іргелі мәселелерді көрсетті.