ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, көрнекті ғалым – қыпшақтанушы және арабтанушы Б.Е. Көмековтің 80 жылдық – мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның ақпараттық хаты

БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы Халықаралық қыпшақтану институтымен бірлестікте 2020 ж. 27 қазан күні ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, көрнекті ғалым – қыпшақтанушы және арабтанушы Б.Е. Көмековтің 80 жылдық – мерейтойына арналған «Қыпшақтану – Еуразиялық масштабтағы тұжырымдамалық ғылыми бағыт» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Қыпшақтану – ортағасырлық үш туыс этностардың: қыпшақтардың, кимектердің және құмандардың тарихы мен мәдениеті туралы тарихнамалық, лингвистикалық және деректанулық зерттеулерге негізделген еуразиялық ауқымдағы тұжырымдамалық ғылыми бағыт болып табылады. Қыпшақ тайпаларының рухани және материалдық мұралары зерттеушілердің ширек қауымы тарапынан үлкен қызығушылыққа ие.

Академик Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – көрнекті ғалым, тарихшы-шығыстанушы, Қазақстанның, Орталық Азияның және Еуразия Ұлы даласының ортағасырлық тарихы, дала өркениеті, тарихи география, картография және IX–XVII ғғ. араб, парсы және түркі жазба ескерткіштері туралы деректану саласының маманы болып табылады.

Ғалымның ғылыми жетістіктері арасынан әлемге танылған ортағасырлық қуатты Кимек қағанаты мемлекетін ашуын атап көрсетуге болады. Қыпшақтанушы ғалым арабтар ауызша тарих дереккөздерін талдау негізінде Құмандардың тәуелсіз этникалық мәртебесін дәлелдеді. Жемісті ғылыми ізденулері нәтижесінде қыпшақ, кимек және құмандардың этносаяси бірлестік үштігі шеңберінде жаңа тұжырымдамалық қыпшақтану ғылыми бағытының қалыптасуына негіз болды. Қыпшақтану, еуразиялық тарихи-мәдени бағыт ретінде түркі әлемімен, араби шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен байланысты. Академик Б.Е.Көмеков, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жанында халықаралық қыпшақтану институтын ашқан. Атаулы ғылыми институт, бүгінде дүние жүзі бойынша өз бағытында белсенді қызметімен белгілі жалғыз Қыпшақтану орталығы болып табылады.

Мерейтой иесі 700 жарияланған ғылыми еңбектер, оның ішінде 50 кітаптың, монографиялар мен оқулықтардың авторы болып табылады. Жоғары білікті кадрларды, 20 ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындап, Қазақстанда қыпшақтану және арабтану ғылыми мектебінің негізін салған.

 Халықаралық ғылыми конференция мақсаты:

- ғылыми зерттеулер саласында тәжірибе алмасу және қыпшақтану бағытында орын алған жаңа жетістіктер нәтижелерімен бөлісу;

- ортағасырлық жазба ескерткіштерін, оның ішінде қыпшақ мәдени мұраларын зерттеу;

- ғылыми зерттеулерді байланыстыру және бірлескен жобаларды әзірлеу;

- аз зерттелген мәселелер мен қыпшақтануды дамыту перспективаларын анықтау;

- көрнекті қазақ ғалымы, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Е.Көмековтың қыпшақтану ғылымының дамуына қосқан ғылыми үлесін көрсету.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Орта ғасырлардағы қыпшақ және Еуразияның түркі тілдес халықтары мен тайпаларының тарихы мен мәдениеті;

2. Дала және отырықшы егіншілік өркениеттерінің байланысы;

3. Шығыс және батыс жазба ескерткіштері және деректану;

4. Тіл білімі, фольклор және картография.

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу формасы: Іс-шара офлайн және онлайн – форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі (конференция идентификаторы: 831 8112 1506, пароль: 798680).

Қатысушыларды тіркеу Алматы қ., уақытымен сағ. 9.30, конференцияның басталу уақыты: сағ. 10.00.

Конференцияға қатысу үшін 2020 ж. қазан айының 1 дейін өтінімдерді жіберу қажет (төменде қосымшада ретінде көрсетілген реттілікте).

Ұсынылатын материалдар келесідей реттілікте рәсімделуі қажет:   

1. Тіркеу формасы және баяндама мәтіні (конференция тақырыбы шеңберінде және 5-тен 12 бетке дейін көлемде) MS Word мәтіндік редакторында терілуі керек; жіберілетін файл автордың (лардың) атымен аталуы керек.

2. Парақтың форматы: A4, қаріп: Times New Roman, KZ Times New Roman, өлшемі – 12, жоғарғы және төменгі жиектер – 2 см, оң жақта – 1 см, сол жақта – 3 см, жолдар аралығы – бір, қызыл сызық шегі: 0,95.

3. Алдымен, баяндаманың тақырыбы теріледі: жоғарыдан ортасына дейін,  БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРАППЕН).

4. Баяндама тақырыбының астында, қалыпты әріптермен ортасына (қалың қараппен), автор (лар), ғылыми дәреже, атақ (бар болса) жазылады.

5. Төменде автор (лар) жұмыс жасайтын мекеменің толық атауы, атқаратын қызметі көрсетіледі.

6. Төменде, бір кеңістікте баяндама (мақала) мәтіні беріледі.

7. Әдебиеттер мен дереккөздердің тізімі мақаланың соңында орналастырылады және мәтінде көрсетілгендей құрастырылады. Сілтемелер төртбұрышты жақшаға бастапқы парақты көрсететін тізім нөмірі ретінде форматталады, мысалы: [6, б. 2].

8. Барлық суреттер мен фотосуреттерде тақырып, жақсы сапалы, кемінде 300 нүкте /дюйм болуы және jpeg форматында кірістірілуі керек.

Материалдарды басылымға сұрыптау жұмыстарын конференцияның ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

Өтініштер мен материалдар электронды түрде төмендегі электронды адрестерге жіберілуі керек: kazhistory@bk.ru, e81g@mail.ru.

 Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары және адресі: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, e-mail: kazhistory@bk.ru, e81g@mail.ru, тел. 8727-261-67-19, 8(778) 493-62-51– Ужкенов Е.М.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, көрнекті ғалым – қыпшақтанушы және арабтанушы Б.Е. Көмековтің 80 жылдық – мерейтойына арналған

«Қыпшақтану – Еуразиялық масштабтағы тұжырымдамалық ғылыми бағыт» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына

қатысушыны тіркеу формасы

Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы
Қала, мемлекет
Пошта адрес, телефон
E-mail (міндетті түрде)
Баяндаманың (мақаланың) атауы
Баяндама жасау үшін қажет техникалық құралдар

 

Баяндама мәтінін рәсімдеу үлгісі

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ МАСШТАБТАҒЫ ҒАЛЫМ: ҚАЗАҚТЫҢ КӨРНЕКТІ ШЫҒЫСТАНУШЫСЫ Б.Е. КӨМЕКОВТЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ

 Кузембаев Нуркен Ерболович

Тарих ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық университетінің доценті

Павлодар қ., Қазақстан.

Баяндама мәтіні.

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздері тізімі:

1 Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 156 с.

2 Кумеков Б.Е. Кимаки и кыпчаки // История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). В пяти томах. Т. I. – Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1977. – С. 363-375.

3 Арабские географы и путешественники IX-XII вв. / Вступ. ст., пер. с араб., коммент., тексты и факсимиле Б.Е. Кумеков, Р.Б. Кумекова. Отв. ред. А.К. Муминов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2010. Т. 2. – 328 с.