Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 3-ші Халықаралық симпозиумының ақпараттық хаты

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы бірлесіп 2020 ж. 29–30 қазанда қашықтан (online-zoom түрінде) қазақ ескерткіштану мәселелерінің 3-ші Халықаралық симпозиумын өткізеді.

Конференция Атырау және Ақтөбе қалаларында (2011, 2012) өткен алғашқы Симпозиумдар барысында бастау алған ғылыми-практикалық бағыттағы өзекті мәселелерді әрмен қарай қарастыру мақсатында өткізілмек. Бұл іс-шаралардың нәтижесінде «Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 1-ші және 2-ші Симпозиум материалдары» ғылыми мақалалар жинағы болып шыққан. Соңғы жылдары Қазақстанда қазақ ескерткіштерін зерттеу мен қолданысқа енгізу жұмыстары барынша қарқынды етек алғаны байқалады. Осыған орай, аталған Симпозиумды өткізу аса маңызды да, заман талабына сай болып табылмақ.

Симпозиумның мақсаты және міндеті

 

Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 3-ші Симпозиумының басты мақсаты Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу, қорғау және оны пайдалану саласындағы маңызды мәселелерді мамандар тарапынан қызығушылықта талқылау және бірегей тарихи-мәдени ортаны сақтау үшін нақты бағдарламалар дайындау болмақ. Қазақстанда мамандардың есебі бойынша 150 мың-ға жуық еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар. Кең байтақ далада тарыдай шашылған көне құрылыстар мен кешендердің маңыздылығы қазіргі күнгі геосаяси тұрғыдан қиын-қыстау кезеңде тіптен арта түспек, өйткені олар территориялық тұтастықтың, мемлекет тәуелсіздігінің негізі болатын тарихи-мәдени іргетасы болып табылады. Сан алуан жылжымайтын ескерткіштердің кешенді мәдени-идеологиялық, насихаттық, экономикалық (туризмнің дамуына байланысты), маңыздылығы айтпаса да белгілі. «Далалық аймақ ескерткіштері» болып табылатын еліміздің негізгі территориясында (Сарыарқа, Арал-Каспий, Жетісу) орналасқан, негізінен XIV–XV ғғ. мен XX ғ. басына жататын, қазақ тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар: көптеген мемориалды-культтік кешендер, мал шаруашылығы қоныстарының қалдықтары, тасқа қашалған эпиграфикалық ескерткіштер, көне құдықтар және т.б. ескерткіштер аса маңызға ие. Қазақстанды көне Дала мәдениетінің мұрагері ретінде, тарихи-мәдени саласын толық көрсететін қазіргі таңда тез бұзылып, жоғалып жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, қорғау, қайта қалпына келтіру, сақтау және ары қарай пайдалану жалпы мемлекеттік маңызы бар міндет.

Қазақ ескерткіштану мәселелеріне арналған алғашқы Симпозиум барысында Қазақстанның жылжымайтын тарихи мен мәдени ескерткіштерінің, бірінші кезекте архитектуралық ескерткіштердің  зерттелуі, қорғалуы және қайта қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланған болатын. Онда тарихи-мәдени ескерткіштердің түпнұсқалары өзгеріп, жойылуына әкеліп соғатын мәселелер: ұлттық мәдениеттің бұл маңызды саладағы кездесетін әдеттегі қиындықтары мен кемшіліктері, қорғау және реставрациялау ісіндегі әдістемелік қателіктері сөз болды. Осыған орай, мәдениетіміз үшін аса маңызды болып табылатын ескерткіштану бағытын дамыту қазіргі уақытта күн тәртібінде тұрған өткір мәселе екені толықтай мойындалды. Бүгінгі таңда осы бағыттағы бірінші кезектегі өзекті салалардың бірі қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты және негізінен Қазақстанның далалық алқабында орналасқан соңғы ғасырлардың ескерткіштерін (кейбірі әлі күнге дейін сақталған) жүйелі түрде іздеп табуға, кешенді зерттеуге, кеңінен жариялауға, қорғауға, сақтауға, пайдалануға бағытталған «қазақ ескерткіштануы» болуы тиіс. Бұл міндетті тез жүзеге асырудың қажеттілігі жоғарыда аталған себептермен қатар, осы ескерткіштердің көпшілігінің бұзылу шегіне жетуі мен жойылу алдында тұруынан туындайды.

Сонымен, ескерткіштану бағытын дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының мәдени, идеологиялық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы маңызды бөлігі болып табылатындығы сөзсіз, олай болса, осы саланың ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ұйымдастыру негіздерін мамандардың ынтымақты іс-қимылы нәтижесінде шешу айрықша маңызды әрі өзекті.

Симпозиум барысында мынадай мәселелерді кең түрде талқылау жоспарланып отыр: қазіргі таңдағы ескерткіштанудың өзекті проблемалары, тарихи және мәдени ескерткіштерді далалық зерттеудің методикасы; соңғы жылдардағы экспедициялық ізденістердің нәтижесі, қазақ халқының мемориалды-культтік архитектуралық ескерткіштерінің, қоныстық кешендердің, эпиграфикалық ескерткіштердің зерттелуі; ескерткіштердің типологиясы мен атрибуция мәселелері; ескерткіштердің реставрация, консервация, қорғау және тіркеу мәселелері; ескерткіштер негізінде туризмнің дамуы және т.б. Сондай-ақ, Қазақстан ескерткіштану Ассоциациясын құруды талқыға салу және арнайы «Қазақстан ескерткіштануы» басылымын/журналын шығаруды ұйымдастыру мәселелері де маңызды.

       

Шақырылады

Ескерткіштану саласындағы және пәнаралық ғылыми-практикалық бағыттағы мамандар: археологтар, этнологтар, этноархеологтар, архитекторлар, реставраторолар, өнертанушылар, тарихшылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі инспекция өкілдері және т.б.

Online-симпозиумның жұмысы пленарлық мәжіліс пен келесі секциялар жұмысы өткізілмек:

Секция 1. Ескерткіштанудың жалпы мәселелері. Қазақстан ескерткіштерін зерттеудің өзекті мәселелері: ареал, типология, атрибуция.

Секция 2. Ескерткіштерді далалық зерттеудің методикасы.

Секция 3. «Қазақ ескерткіштануы»:

  • Мемориалды-культтік архитектуралық ескерткіштер
  • Қоныстық ескерткіштер (қыстау, діни-тұрғын кешендері және т.б.)
  • Арабграфикалық эпиграфикалық ескерткіштер

Секция 4. Ескерткіштерді реставрация, консервация және қорғау проблемалары. Туризмнің дамуы мәселелері.

 

Симпозиум жұмысының регламенті қатысушылардың өтініштері жиналып біткен соң нақтыланатын болады. 

 

Симпозиумның жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Симпозиумның жұмысы Online-zoom түрінде өтеді

1 күн – идентификаторы: 893 8416 4393, құпиясөзі: 353751

2 күн – идентификаторы: 814 5016 0486, құпиясөзі: 197469

Симпозиум жұмысына қатысу үшін баяндама тақырыптарын өтініштің толтырылған формасында 2020 жылдың 30 қыркүйекке дейін ұсыну қажет. Ал баяндаманың мәтінін 2020 жылдың 20 қазанына дейін жіберу керек. Ұйымдастыру комитеті «Қазақ ескерткіштану мәселелерінің 3-ші Симпозиум материалдары» деген атаумен PDF-форматында алғашқы нұсқасын жариялайды және кейіннен ғылыми мақалалар жинағының кітап түрінді шығаруды жоспарлап отыр.

Өтініштер мен баяндамалар/мақалалар мәтінін Ұйымдастыру комитеті адресіне жолдау қажет: kazethnology@gmail.com (материалдарды редакциялау және жариялау мәселелері бойынша басты байланыс адресі)

Жауапты хатшы: Б.Ә. Әшім

Конференцияның модераторы: т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали

Байланыс телефондары:

8 (727) 261 65 57 – Этнология және антропология бөлімі

                                      +7 707 130 36 20 – Әшім Бағлан Әбдірахманұлы

                                      +7 707 673 07 71 – Омар Арай

ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІНІҢ ҮЛГІСІ

(msword мәтіндік редакторында)

Тегі, аты, әкесінің аты (толық)
Баяндама тақырыбы
Секция
Мекеме атауы, қала (толық, қысқартусыз)
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағы
Қызметі
E-mail

 

 

БАЯНДАМАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Мәтін көлемі 7 беттен аспауы, MSWord мәтіндік редакторлауда болуы қажет; файл атауы мен суреттердің jpeg форматындағы жеке файлдары автордың тегімен берілуі керек. Келесі техникалық шарттар сақталуы тиіс:

  1. Мәтіндік файлдар бетінің форматы: А4.
  2. Жиектер:жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.
  3. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль 12.
  4. Жоларалық арақашықтық  – қалыпты.
  5. Азат жолдан бастау: 1,0.
  6. Баяндама тақырыбы алдында оның атауы теріледі: жоғарыда, ортасында ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН).
  7. Баяндама тақырыбы астына ортада кіші әріптермен (қою шрифтпен) автордың (авторлардың) Т.А.Ә.
  8. Төменде автордың жұмыс істейтін мекеме атауы толық жазылады.
  9. Азат жолдан соң бір арақашықтықтан кейін баяндама/мақала мәтіні теріледі. Азат жол автоматты түрде беріледі.
  10.  Белгілерді үйлестіру: тырнақша – «»; ғасырларды белгілеу – рим цифрларымен, жылдар – араб цифрларымен. Сондай-ақ, дефиспен (-) сызықшаның(–) қолдану айырмасын білу жөн саналады. Сызықша сандық, хронологиялық және т.б аралықтарды белгілеуде қолданылады: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (аралықсыз) немесе XV ғ. аяғы – XVI ғ. басы (аралығымен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.
  11. Әдебиеттер мен дерек көздері тізімі мақала соңында және жұмыстардың көрсетілген ретіне сай берілетін болады. Мәтіндегі сілтемелер шаршы (квадрат) жақшаларда Әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай, дерек көздің бетін көрсету (қажет болған жағдайда) арқылы безендіріледі, мәселен: [6, с. 2], [1, 2-б.] немесе [1, p. 2].
  12.  Кестелер, схемалар, суреттердің атауы болу керек және Windows-та терілуі міндетті.

Барлық суреттер мен фотографиялар қанық және 300 dpi-ден кем емесболуы тиіс.

 

Талапқа сай безендірілмеген және белгіленген уақыттан кеш жіберілген, сонымен қоса көрсетілген тақырыпқа ие емес баяндамалар (мақалалар) жарияланымға қабылданбайды.