«Оразақ Смағұлов – Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылдың 5-қарашада ғалым-антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Смағұлов Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына орай «Оразақ Смағұлов – Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – Қазақстан антропология ғылымы дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті бағыттарын талқыға салу, О. Смағұловтың қазақ этносының шығу тегіне қатысты антропологиялық аспектілерді зерттеудегі үлесін атап көрсету.

Академик Оразақ Смағұлұлының көптеген еңбектерінде, монографиялар мен мақалаларында жинақталып берілген этникалық краниология, серология, палеоантропология, соматологии, одонтология, дерматоглифика саласындағы зерттеулері ғылыми және мәдени қауымдастық арасында сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Антропологиялық құрамда қола дәуірі тайпаларының физикалық деректерін морфологиялық мұра ретінде 30% сақтай отырып, осы аймақтың автохтоны болып табылатынын ол краниологиялық сериялар, генетикалық маркерлер, одонтологиялық нышандарды зерттеу нәтижесінде төрт мыңжыл бойындағы қазақ этногенезінің тарихи үдерісінің біртұтастығын дәлелдеп шықты.

О.С. Смағұлов ұзақ жылдар Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология академиялық институтында жұмыс істеді және соның қабырғасында Қазақстандағы тұңғыш этникалық антропология зертханасын құрушы болды. Қазірде осыған ұқсас зертханалар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі (Нұр-Сұлтан қ.) және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.) жанында да жұмыс істеп отыр және О. Смағұлұлы сол зертханаларда өз ғылыми-зерттеу қызыметін жалғастыруда.

Конференция шеңберінде келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • Академик О.С.Смағұлов және Қазақстандағы антропология ғылымының дамуы;
  • Қазақстандағы және шетелдердегі антропологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары;
  • Тарих, этнология және антропологияның өзекті мәселелері.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізілу түрі: қалыпты және қашықтықтан Zoom платформасында (конференция идентификаторы: 857 0235 4438, кіру коды: 842362)

Конференцияға қатысуға: ғалымдар, қоғамдық және мемлекет қызыметкерлері, оқытушылар, доктаранттар мен магистранттар, кең ауқымда қоғам өкілдері шақырылады. Конференция бағдарламасы мен жинағына баяндамаларды енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына тіркелу формасын 26-ші қазанға ал баяндама мәтінін 2020-шы жылдың 31-ші қазанына дейін жіберу қажет. Материалдар ұсынылған талаптарға сай рәсімделуі міндеттеледі:

1. Тіркеу формасы мен баяндама мәтіні (Конференция тақырыбына сай және 7 парақтан артық емес көлемде) міндетті түрде MS Word текст редакторында теріліп, баяндамасы бар файл автордың тегімен аталуы қажет.

2. Парақтың форматы: А4, шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі – 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 0,95.

3. Баяндама атауы басында жазылады: БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН) жолдың ортасында, баяндаманың жоғары жағында.

4. Баяндама атауының астында ортасына кіші әріппен (қалың шрифтпен) автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) жазылады

5. Келесі жолда автордың немесе авторлардың жұмыс орны, лауазымы толық көрсетіледі

6. Төменірек бір интервалдан соң баяндама (мақала) мәтіні беріледі.

7. Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша беріледі. Сілтемелер төртбұрышты жақшада нөмір түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [6, 2-б.].

8. Барлық суреттер мен фотографиялар атауы берілген, қанық және 300 dpiден кем емес мүмкіндікте болуы және мақалаға jpeg форматында орналастырылуы тиіс.

Баяндаманың мәтінін рәсімдеу үлгісі

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖАҒЫ

 

А.Т.Абдулина, т.ғ.к.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,

этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызыметкері

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
  2. Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10- 17.
  3. Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 

ОРАЗАҚ СМАҒҰЛОВ – ҚАЗАҚСТАН АНТРОПОЛОГИЯ

ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

қатысушысының тіркеу формасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 15-ші қазан 2020 ж.

 

  1. Ч
Тегі, аты-жөні  
Жұмыс орыны, лауазымы

(ұйымның атауы, мекен-жайы), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 
Автордың мекен-жайы (индекс қоса)  
E-mail  
Телефон/факс (кодпен қоса)  
Баяндама атауы  

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі 28. ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,  этнология және антропология бөлімі, e-mail: abd_aksunkar@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8 (727) 261-67-19; 8 (727) 261-65-57 (ТжЭИ этнология және антропология бөлімі), Шашаев Әуезхан Қадыржанұлы – директордың қоғамдық байланыстар бойынша орынбасары, т.ғ.к., моб.: +7 777 237 96 93; Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., моб.: +7 777 312 20 36.

 

Құрметпен ұйымдастыру комитеті