«Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты

2020 жылдың 08 қазанда сағат 11.00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – Қазақстанның тарихи дамуы үдерісіндегі ұлы Абайдың рухани мұрасының орны мен рөлін анықтау. Халықтың тарихи санасы мен жады оның рухани дамуының озық үлгілерінің негізінде тәрбиеленетіні ақиқат. Абай Құнанбайұлының шығармашылығы қазақ халқына Алланы, әділетті, шындықты, еңбекті сүюді үйретеді. Тарих ғылымы да осы үлгілерді методологиялық тіректер ретінде қабылдайды. Абай өсиеттеріне адал болу қазақ билігін, мәдениеті мен ғылымын халқына белсенді қызметке тартудың тиімді жолдарының бірі. Халықаралық конференцияда бүгінгі тарих ғылымында Абай мұрасын пайдаланудың және дамытудың ұрымтал жолдары сарапталады.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Абай Құнанбайұлының өмірі мен тарихы;
  • Абайдың рухани мұрасы – Қазақстан халқының ұлттық идеясының тірегі;
  • Абай дәуірі және қазақ қоғамы;
  • Абай Құнанбайұлының шығармалары Қазақстанның тарихы ғылымында;
  • Абай Құнанбайұлы және орыс-қазақ рухани-мәдени байланыстары;
  • Абай шығармаларындағы Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті;
  • Абайдың қазақ халқын дамыған Батыс өркениетіне бетбұруға шақыруы;
  • Абай шығармашылығы және тарихи шындық пен обьективтілік.

Конференция жұмысына Абайдың рухани мұрасына ниет қойған зиялы қауым өкілдерін шақырамыз.

Халықаралық конференцияның жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Іс-шара онлайн режимінде Zoom бағдарламасының платформасында өткізіледі (идентификатор: 817 5983 8658, пароль: 012758)

Конференция жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2020 жылғы 02 қазанға дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, 303-бөлме, Тарихи демография және ҚХА бөлімі, Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы, ғылыми қызметкер, e-mail.: kazhistory@bk.ru.

Байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, факс.: +7(727) 261-67-19

Халықаралық конференция жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары – жіберуші ұйымның есебінен.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ___________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: __________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: ______________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы__________________________________________________

Кілт сөздері___________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

Өтетін орны: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, 3-қабат, Кіші мәжіліс залы.

Конференция жұмысының басталуы – сағ. 11:00, қатысушыларды тіркеу – сағ. 10:30

Байланыс телефоны: +7(727) 261-67-19, 261-01-33; факс: +7(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті