Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орал қаласында «Қазақстан халқы» тарихи интерактивті картасының таныстырылымы өтті


2020 ж. 28 қыркүйек күні 25.08.2020 ж. №140-шартқа сәйкес «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «талдамалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» ғылыми жобасы аясында Орал қаласына іссапарға жіберілген Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері А.Т. Абдулина мен А.Д. Арепова. Батыс Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері басшыларының алдында аталған картаны таныстырды. Қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайту ісіндегі бұл саяси маңызды іс-шара 23 қыркүйекте институт пен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Мұсаұлы Камбетов арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға аясында жүзеге асты. Облыстың этномәдени бірлестіктерінің (бұдан әрі – ЭМБ) жұмысы, диаспоралар мен этникалық топтардың тарихы туралы ақпарат жинауға осы қоғамның ЭМБ-мен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы, журналист және өлкетанушы Инесса Александровна Тоболева үлкен көмек көрсетті. Статистика деректері бойынша, өңірде қазіргі уақытта 55 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олардың қызметіне 5000-ға жуық адам қатысады. Олар облыста тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасын, тілін, салт-дәстүрлерін сақтау, еріктілер қозғалысын жандандыру және т.б. бойынша әртүрлі жұмыстар жүргізуде, сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі-ҚХА) сайтында кеңінен қол жетімді «Қазақстан халқы» электрондық картасы бойынша жобаны таныстыру БҚО ассамблеясы белсенділерінің қызығушылығын тудырды.

2020 жылдың 29 қыркүйегінде біздің институттың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, География институтының және т.б. бірлескен күш-жігерімен дайындалған «Қазақстан халқы» картасының тұсаукесер рәсімі Ж. Молдағалиев ат. Батыс Қазақстан әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері алдында өтті. Кітапхана директоры Шолпан Қуанышқалиқызы Оразаева тарих институтының үш ғылыми басылымын кітапханаға сыйға тартқаны үшін А.Т. Абдулина мен А. Д. Ареповаға алғыс білдірді.

Іссапар барысында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының директоры А.Н. Савгабаеваның қарауына ынтымақтастық туралы шарт берілді, сондай-ақ архив қорындағы этностардың облысқа қоныс аударуы мен депортациясы туралы құнды құжаттарды анықтады,. А.Т. Абдулина мен А. Д. Арепова Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Е. Пугачевтің музей-үйінің қорларындағы материалдық мәдениет, этностардың көші-қоны бойынша іздестіру жұмыстарын жүзеге асырды, сондай-ақ А. С. Пушкин мен М. Мәметованың музей-үйлерінің экспозицияларымен танысты.