Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Рухани жаңғыру аясындағы Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мәдени мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясының ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылы 30 қазанда сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДАҒЫ Ш.Ш.УӘЛИХАНОВТЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ» атты Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – ХІХ ғасырдың белгілі ағартушысы, аудармашы, этнограф, фольклорист, отандық картографияның негізін қалаушы. Полковник М.М. Хоментовский ұйымдастырған ірі әскери-ғылыми экспедицияның (1856 ж.), Орыс географиялық қоғамның толық мүшесі болған. Оның есімі қазақ халқының мәдени және ғылыми жетістіктерінің көрінісі болып табылады.

Шоқан Уәлиханов Орта Азия халықтарының тарихына, этнографиясына, әдебиеті мен мәдениетіне белсенді қызығушылық танытып, Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатайға саяхат жасады, материалдар жинады және дала өлкесінің тарихы, әдет-ғұрыптары мен қазақтардың діні туралы мақалалар жазды.

Ұлы ғалымның шығармашылық және ғылыми мұрасы қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайында өзектілігін сақтауды жалғастыруда. ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің көрнекті өкілі, көптеген ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізген Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдық мерейтойын атап өту – ХХІ ғасыр ұрпақтарының ғылыми жетістіктерінің өзіндік қорытындысы болмақ. Оның ғылымның дамуына қосқан өте құнды үлесі және бай тарихи-мәдени мұрасы адамзат игілігіне қызмет етуде. 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары: 

– Ұлы даланың ұлы есімдерін зерттеу аясындағы Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі;

– Ш.Ш. Уәлихановтың қазақ даласын отарлаудың ерекшеліктері, Қазақстанның XVIII–XIX ғғ. көршілес мемлекеттермен экономикалық және мәдени байланыстары (Қытай, Ресей, Иран және т.б.) туралы ойлары;

–  Ш.Ш. Уәлихановтың этнографиялық мұрасы және отаршылдық жағдайдағы қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті;

– Ш.Ш. Уәлихановтың қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі, Қазақстан тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі мен орны.;

– Ш.Ш. Уәлихановтың көркем өнер саласындағы қызметі;

– Қазақстандағы ағартушылық қозғалыс және оның өкілдері;

– Жаңа замандағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның өтетін уақыты: 2020 ж. 30 қазан, сағ. 11.00

Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция (идентификатор: 863 2850 1969, пароль: 527091).

Қатысу үшін өтінімдер 18 қазанға дейін электронды нұсқада e-mail арқылы жіберіледі: galia8.09@mail.ru, malika-94kz@mail.ru.

Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда. Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдығына арналған конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды қабылдау 2020 жылдың 25 қазанға дейін жалғасады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақаланың көлемі – 10-12 бетке дейін, Microsoft Word редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Мәтін шрифті «Times New Roman» – 12. Аралық интервал – бір; абзац – 1 см. Шектері: жоғарғы мен төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5. Автордың аты-жөні мен жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақта, интервал арқылы төмеңде ортада жазба әріптермен мақала атауы көрсетіледі. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 65-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі +7(702)4076240 Шотанова Ғалия Айтжанқызы, Жас ғалымдар кеңесі +7(771)7491005 Морякова Малика.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ 

1

Тегі, аты-жөні (толық)

2

Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)

3

Ғылыми атағы мен дәрежесі

4

Байланыс телефоны және мекен-жайы

5

E-mail

6

Бағыты

7

Баяндама тақырыбы

Құрметпен ұйыдастыру комитеті