Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Атырау қаласына ғылыми іс-сапар


Институт қызметкерлерінің делегациясы «Қазақстан халқы интерактивті ғылыми тарихи картасын талдамалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы аясында Атырау қаласына барды. Ғылыми іс-сапардың мақсаты Атырау облысындағы 20 этномәдени бірлестікті біріктіретін «Қоғамдық келісім» ұйымына картаны  таныстыру болып табылады.

Институт директорының орынбасары Ә.Қ. Шашаев пен «Қоғамдық келісім» директоры Ж.К. Ільясова арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Сонымен қатар, ғалымдарды 2020 жылдың 3 қазанында болатын ұйымның этномәдени іс-шарасына шақырылды. Оған Атырау қаласындағы барлық этнос өкілдері мен өңір халық қатысты. Осы іс-шара аясында «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи ғылыми картасының тұсаукесері болып, ЭМҰ мүшелері мен Атырау қаласының тұрғындарымен сұхбат жүргізілетін болады.

Институт ғалымдары Атырау облысы орталық мемлекеттік мұрағатының директоры С.О. Қуанышпен кездесіп, өткен жылы қол қойылған меморандум аясында этностардың қоныс аудару және мекен ету тарихы бойынша архивтің сирек кездесетін қорларын зерттеу мүмкіндігіне ие болды.